Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Деп жатыр 5525 0 пікір 29 Тамыз, 2016 сағат 11:59

ӨЗБЕК БҮЛІНБЕСІН!

Белгілі журналист Серік Жанболат сырқаттанып қалған Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтың ауруы асқынар болса, оның арты неге алып келеріне болжам жасапты. 

– Өзбекстан Президенті Ислам аканың инсульті миллиондардың бас ауруына айналып кетуі мүмкін бе? Әбден мүмкін. Әбден мүмкін, егер Ислам ака науқасынан айықпаса, не оның орнына сондай Әмір-Темір мұрагер келмесе.

Өйткені, Өзбекстан біраз жылдың ішінде аймақтық державаға айналып үлгерді. Өз территориясындағы ұлыстар мен руларды, өзге ұлт өкілдерін өзбек ұлтына айналдырды.

Ешкімді тырп еткізбейтін, бұлғақтағандардың басын қағып тастайтын темірдей тәртіп жүйесін құрып алды.

Сыртқы қарызы жоқ. Экономикасы ішкі өндіріске негізделген. Тастүйін армиясы бар.

Міне, сондықтан да Өзбекстан бүгін Ауғаныстан тәліптеріне қарсы тұра алатын аймақтағы жалғыз күш, кімге болса да төтеп бере алатын тастүйін жұдырық.

Тәліптердің Орталық Азияға дендеп еніп кетуіне кедергі болып отырған — өзбектің қуаты. Араққа тойып алып, төбелес іздейтін ауылдың әумесері сияқты Ресейдің өзі Өзбекстанды мүйіздерде мың рет ойланады. Дүниені жалмап келе жатқан Азияның аждаһасы да өзбектің тамағынан өтпей қалатынын жақсы сезінеді.

Өйткені, өзбек ағайын ұлт пен мемлекеттің бірлігіне қажет заңдылықтар мен дәстүр-салттарды, философия мен дінін негіздеп үлгерді.

Бұл жерде исламның терең тамыры бар. Өзбектер шын мәнінде ислам дініне берік. Сол себепті де өзбек билігі дін саясатын уысынан шығармай келді. Уахабизмді жолатқан жоқ.

Ал, кіші Азияны астан-кестен етіп жатқан діни ағымдар Өзбекстанға өтіп кетсе, не болатынын көзге елестетудің өзі қиын. Онда Сирия мен Ирактың айналасындағы дүрбелең жолда қалатын шығар?

Жер шарын жеке меншігіндей көріп, қалағанын жатқызып-тұрғызатын күштілерге Өзбекстанның әлсірегені керек. Сонда олар бұл жерде де саяси ойындарын еркін жүргізетін болады. Отыз миллионның қолына от беріп, аласапыранға салып қою деген не оларға? Онда Орталық Азия отқа оранды дей беріңіз. Онда Орталық Азия талан-таражға, ұлт тағдыры — талапайға түседі.

Бетін аулақ қылсын ол пәленің! Өзбекстан бүлінбесін.

Журналист Серік Жанболаттың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды  

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3516