Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Деп жатыр 2745 0 пікір 13 Тамыз, 2016 сағат 11:09

Бадам мен Шұбарсуға жаңа шағын автобустар қатынайды

«Оңтүстік Тұлпар» компаниясы 10 жылдан бері жолаушы тасымалы саласында қызмет етіп келеді. Осы уақыт аралығында қалааралық қатынасты үзбей, сапалы қызмет көрсеткен. Биыл серіктестікке тағы екі бағыт қосылып, жолаушыларды қуантып отыр. Компаниясы жуырда ғана мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңімпаз атанып, 12 су жаңа шағын автобус сатып алды.

Нұржан Досаев, «Оңтүстік Тұлпар» компаниясының директоры: «Біз енді екі бағытта қызмет етеміз. Оның бірі — Шымкент-Шұбарсу, екіншісі — Шымкент-Бадам бағыты. Бұл үшін біз Ресейден Форд көліктерін сатып алдық».

Форд маркалы көліктерінде жолаушылар үшін барлық жағдай жасалған. Автобусдың ішінде жол бағыттарын көрсетіп тұратын дисплей-теледидар орнатылған. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматардың мініп-түсуіне де қолайлы. Бұдан бөлек компания тағы да 40 жаңа автобус сатып алыпты. Бұл көліктер басқа облыстарға қатынайтын болады.

Нұржан Досаев, «Оңтүстік Тұлпар» компаниясының директоры: «Енді біз Шымкент-Астана, Шымкент-Алматы, Сарыағаш-Алматы бағыттарында жол жүреміз. Ең бастысы — компания қалааралық қатынасты үзбей, жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасауды мақсат етеді. Әрине, біз бұл қызметті бірінші орынға қоямыз. Сондықтан, қызметіміздің сапасына әрі техникалық қауіпсіздігіне толық жауап бере аламыз».

«Оңтүстік Тұлпар» компаниясына қарасты көліктер арнайы автотұрақта тұрады. Жолға шығар алдында міндетті түрде техникалық байқаудан өтеді. Өйткені жолаушы амандығы — жауапкершілігі ауыр жүк. Осыны ескерген серіктестік басшылары қауіпсіздікті серік етіп, сапалы қызмет етуді жолға қойған.

Abai.kz 

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2065
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4937
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4131