Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Деп жатыр 20224 0 пікір 12 Тамыз, 2016 сағат 14:17

12-тамыз – Халықаралық жастар күнi

Жастар - қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы.

Олар қай кезде де, қай қоғамда да белсенді буын өкілдері. Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады. Олардың жаңа белестерге деген ұмтылысы жаңа идеялардың туындауына себепші болады. Ал жаңа идея қазақ елінің жаңаруына бағыт алып, “Мәңгілік ел” болуына нық қадам бастайды.

Тек бізде ғана емес, әлем жұртшылығы жастардың алып күш иесі екендігін мойындап, олармен санасады. Сондықтан бір жылдың айтулы бір күнін арнайы жастар мерекесі етіп, күнтізбеде белгілеген. Яғни, 12 тамыз - Халықаралық жастар күні ретінде аталып өтіледі. 

Осы мақсатта бүгін қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Әлібек Арыс қаласының бірқатар белсенді жастарын 12 тамыз – Халықаралық Жастар күнi мерекесімен құттықтап, Алғыс хаттармен марапаттады.

- "Жастары жалын жүректі, өршіл намысты елдің алар асуы биік болады" деп Елбасымыз барлық жастарға зор сенім білдіріп отыр. Сол себепті жастар күшімізді біріктіріп, еліміздің өсіп-өркендеуіне, көркейіп, гүлденуіне үлес қосып, Елбасы сенімін ақтауымыз қажет,- деді А.Әлібек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2075
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4946
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4153