Олимпиадаға жол тартқан спортшылар арасында ең жасы ОҚО тұрғыны
Тимур Хайдаров Олимпиадаға жол тартқан ескекшілер арасында ең жас спортшы.
Ол 1996 жылы Ташкент қаласында дүниеге келіп, кейіннен Шымкентке көшкен. Бұл туралы «Abai.kz» порталы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі баспасөз қызметінің «Фейсбук» желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Тимурдың Азия чемпионатында жеңімпаз атанып, Олимпиадаға жолдама жеңіп алғаны күтпеген жаңалық болды. Алайда, Индонезиядағы жеңістен кейін жерлесіміз Чехияда өткен Әлем Кубогі үшін таласта алтыннан алқа тағып, епті ескекші екенін дәлелдей түсті.
Тимур 2014 жылдың наурыз айының 26-30 аралығында Ташкент (Өзбекстан) қаласында байдарка және каноэда есуден өткен Қазақстан Республикасы чемпионатының 1000м, 500м және 200м қашықтықтарының жеңімпазы. Сонымен қатар, ол осы жылдың 28.04.- 02.05. аралығында Алматы қаласында байдарка және каноэда есуден өткен Қазақстан Республикасы чемпионатының 1000м., 500м. және 200 м қашықтықтарының бірнеше дүркін жеңімпазы болып табылады. Сондай-ақ, Т.Хайдаров 2014 жылдың маусым айының 23-27 аралығында Алматы қаласында байдарка және каноэда есуден өткен Қазақстан Республикасы чемпионатының 1000м. қашықтықта жеңімпазы.
2015 жылы сәуір айының 15-19 аралығында Алматы қаласында байдарка және каноэда есуден өткен Қазақстан Республикасы кубогының 1000м қашықтықтағы жеңімпазы. Осы жылы қараша айының 04-08 аралығында байдарка және каноэда есуден Палембанг (Индонезия) қаласында өткен ХVІ Азия чемпионатының 200м. қашықтықта жеңімпаз атанып, Рио Олимпиадасына жолдама алды.
Мұнан бөлек, 2016 жылы сәуір айының 20-24 аралығында Алматы қаласында байдарка және каноэда есуден өткен Қазақстан Республикасы кубогының 200м. қашықтықтағы жеңімпаз. Оған қоса, биыл, мамыр айының 28-29 аралығында байдарка және каноэда есуден Рачица (Чехия) қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінің 200 м. жеңімпазы болған.
Abai.kz