Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3840 0 пікір 3 Тамыз, 2016 сағат 12:24

Қырғызстанда "Халық партиясы" мүшелерін әлі қудалап жатыр

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті «Халық парламентінің» тағы бір мүшесі Тойгонбек Калматовты ұстады. Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты, Дін істері жөніндегі мемлекеттік агенттігінің бұрынғы жетекшісіне билікті күшпен басып алуға талпынған және билік өкілдеріне күш көрсетуге дайындалған деген айыптар тағылды.

Мамыр айында «Халық парламентінің» ең белсенді мүшелері - Бекболот Талгарбеков, Торобай Колубаев, Александр Гусев және Марат Султановтар ұсталған еді. Олар қолға түсіру қарсаңында Интернетте ұйым мүшелерінің өзара әңгімелерінің бейне және аудиотаспалары жарияланды.

Парламенттің бұрынғы спикері, қоғам белсендісі Мукур Чолпонбаев тергеудің ұзаққа созылуын салмақты дәлел болмағандығымен түсіндіреді. «Менің ойымша, олардың кінәсін дәлелдей алмайды, өйткені олардың әңгімелерінің таспасынан басқа дәлел жоқ. Екіншіден, билікке қарсы шыққандардың бәрін осындай жаза күтіп тұрғанын көпшілікке әдейі көрсетіп отыр. Олар Конституцияны қазір өзгерткілері келеді. Қудалаулардың соған қатысы болуы мүмкін», - деді ол.

Дегенмен парламент депутаты Алмамбет Шыкмаматовтың пікірінше, іс сотқа дейін жетсе, көп нәрсенің беті ашылып қалуы мүмкін.

«Халық парламенті» биыл сәуір айында құрылған. Ұйым билікке де, оппозцияға да жатпайтынын хабарлады. Қозғалыс мүшелері астананың бас алаңына 50-60 мың адамды митингке жинауды көздеген, ал оның жетекшісі Бекболот Талгарбеков ұйымды билікке жақын ресейлік генералдар қолдайды деп мәлімдеген.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1201
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2725
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 857
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 810