Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 6206 0 пікір 2 Тамыз, 2016 сағат 11:42

И.ТАСМАҒАМБЕТОВ: РЕСЕЙ ҚАЗАҚСТАНҒА ӘСКЕР КІРГІЗБЕЙДІ

Қазақстанның Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов БАҚ-қа берген сұхбатында «терроризммен күрес мәселесінде Қазақстан көршілес елдерден көмек сұрамайды, оған мұқтаждық жоқ. Қазақстан өз проблемаларын шешуге қауқарлы» деп кесіп айтқан. Бұл туралы «Abai.kz» порталы «365info.kz» сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2016 жылдың шілдесінде Ақтөбе мен Алматы қалаларында орын алған террористік актілерден соң, шетелдік БАҚ әм олардың сарапшылары Қазақстандағы жағдайды тұрақтандыруға РФ әскер кіргізуі мүмкін деген сыңайлы пікірлер айта бастаған («Еще один эксперт из России пророчит ввод войск в Казахстан»,«Российский спецназ мог бы прийти в Казахстан — предложение эксперта»«11 сюрпризов, которые может преподнести миру Кремль»)

Әрине, Ресейдің мұндай жағдайларды өз пайдасына шешуге әккі екенін Украина, Сириядағы жағдайлардан көріп-біліп жүрміз. Бұл ел ішінде қызу талқы тудырып, көпшіліктің көкейіне күдікті ой туғызғаны жасырын емес. Ал 1-тамыз күні Алматыда журналистермен кездесу өткізген еліміздің Қорғаныс министрі бұл сұрақтарға жауап берген.

- Кез келген сылтаумен Қазақстан аумағына Ресей өз әскерін кіргізуі мүмкін деген қауесет жалған. Мейлі ол – терроризм болсын, мейлі террористік акті немесе басқасы болсын, Ресейдің әскер кіргізуі мүмкін емес жағдай. Бұл мәселе екі ел министрлігінің арасында қозғалған да жоқ, талқыланған да жоқ, бұл туралы әңгіме өрбіген де жоқ. Қазақстан терроризммен күресуде Ресей Федерациясының әскери-саяси басшылығына мұқтаж емес. 

Терроризммен күресте немесе қандай да бір төтенше жағдайлар туындағанда Қазақстан армиясы оған төтеп беруге қауқарлы. Біз Ақтөбе мен Алматыдағы шетін оқиғалар кезінде көршілеріміздің бірінен де көмек сұраған жоқпыз.

Тіпті керек болатын болса, әскери-транспорттық ұшақтар Ұлттық гвардия сарбаздарын кез келген нүктеге дәл түсіре алады. Ұлттық гвардияның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің арнайы мамандандырылған жасақтары бар. Сондықтан, көрші елдің армиясын «көмек көрсету» деген сылтаумен кіргізуі мүмкін деген әңгіменің өзі артық, бекер сөз, - дейді ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Нұрғалиұлы.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364