Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 6761 0 пікір 31 Шілде, 2016 сағат 18:05

МАҚТАРАЛДЫҢ ЖАСТАРЫ АУДАН ОРТАЛЫҒЫН КӨРКЕЙТУГЕ АТСАЛЫСУДА

Мақтарал ауданының студент жастарын қосымша жұмыспен қамту және қоғамдық, еңбек белсенділіктерін арттыра отырып, жастардың бойына азаматтық және отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында құрылған «Жасыл ел» еңбек жасағы Жетісай қаласында өз жұмысын бастады. Бұл туралы Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

30-дан аса студенттерден құрылған жасақ аудан орталығының көшелері мен қоғамдық орындарын абаттандыруды, қоқыстан тазартуды, көріктендіруді қолға алды.

Арнайы формамен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген студенттер жасағының әрбір мүшесіне аудан бюджетінен 35 мың және республикалық бюджеттен 17 мың теңге жалақы берілетін болады.

Баршаға белгілі, Мақтарал ауданы еліміздің күнгей өңірінде орналасқан ауа температурасы ең ыстық аудандардың бірі. Осыған байланысты, студенттер үшін сағат 8:00-13:00 аралығы мен 17:00-20:00 аралығына жұмыс уақытының кестесі қойылған.

Осылайша, студент жастардың еңбек жасағында қызмет ете отырып жазғы демалысты қызықты өткізуді жоспарлаған жастар үшін арнайы іс-шаралар өткізіліп, еңбекте озат ізденушілерге қала басшылығы тарапынан марапаттаулар ұйымдастырылмақ.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543