Сенбі, 28 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 6144 0 пікір 30 Шілде, 2016 сағат 16:43

ОҚОДА «АГРОБИЗНЕС 2020» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 10 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛМАҚ

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2015 жылы ауыл шаруашылығы саласында атқарлған жұмыстар және 2016 жылы атқарылатын жұмыстар туралы есеп:

2015 жылы ауыл шаруашылғы саласына жалпы 29,1 млрд. теңге бөлініп, 99,85% игерілді, өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есеге артты. Оның ішінде субсидияланатын 12 бюджеттік бағдарламаға 21,0 млрд.теңге субсидия бөлінді (игерілгені-99,9%).

Ауыл шаруашылғы жалпы өнім көлемі 344,6 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдан 21,8 млрд.тг. ұлғайып, нақты көлем индексі 103,5% артты (республика НКИ- 104,4%).

Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 775,8 мың га жетіп, республикадағы үлесі 3,7% құрады (республика – 21 022,9 мың га).

Оның ішінде:

 дәнді және бұршақты дақылдар 255,6 мың га орналастырылып, әр гектарынан 23,2 центнерден 581,1 мың тн өнім жиналды;

 майлы дақылдар 79,5 мың га орналастырылып, гектарынан 8,6 центнерден  67,7 мың тн өнім жиналды;

 картоп 14,8 мың га орналастырылып,, гектарынан 172,2 центнерден 254,9 мың тн өнім жиналды;

 көкөніс 37 мың га орналастырылып, гектарынан 229 центнерден 854,1 мың тн өнім жиналды;

 бақша 62,5 мың га орналастырылып, гектарынан 221,6 центнерден  1383,3 мың тн өнім жиналды;

мақта 99,3 мың га орналастырылып, гектарынан 27,8 центнерден 273,9 мың тонна өнім жиналды.

Республикалық үлеске шаққанда алынған өнім бойынша мақтаның 100%, бақшаның 66%, жүзімнің 64%, мақсарының 40%, жеміс-жидектің 28,3%, көкөністің 24%  облыстың үлесінде.

Суармалы жерлердің көлемін 292,0 мың га ұлғайту іс-шарасы бойынша, 4 жылда жалпы 81,2 мың га іске қосылды, оның ішінде 2015 жылы 19,6 мың га суармалы жер жаңадан қосылды.

2015 жылы жалпы ұзындығы 250,1 км құрайтын 43 каналға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 16,6 мың га жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарып, жаңадан 670 га жер айналымға қосылды. 

115 га жерге қосымша жылыжай салынып жалпы жылыжайлардың көлемі 1025 га жетті (республикадағы үлес 87%).

Тамшылатып суғару әдісі қосымша 10125 гектар жерге ендіріліп, жалпы көлемі 44,1 мың га жетті (республикадағы үлес 71%).

Жеміс-көкөніс сақтау қоймаларының жалпы сиымдылығы 215,0 мың тоннаны құрады (республикалық көрсеткіштің 5/1 бөлігі).

Мал шаруашылығы

Ет (тірідей салмақта)–202,4 мың тонна (+5,1%), сүт – 703,1 мың тонна (+1,5%), жұмыртқа – 293,8 млн. дана (+5,7%) өндірілді.

 (республикадағы үлес: еттен – 12,3%, сүттен – 13,7%, жұмыртқа – 6,2 %).

Мал шаруашылығы саласында  «Сыбаға» бағдарламасымен 22,5 мың  бас аналық (о.і. қаржы институттары арқылы 6819 бас аналық ІҚМ, республикадағы үлес 12%) сатып алынды.

- «Алтын асық» бағдарламасымен 45,5 мың бас мал алынды (оның ішінде қаржы ұйымдары арқылы 22,1 мың бас алынып, облыстың республикадағы үлесі 16,8%).

- «Құлан» бағдарламасы аясында 4341 бас алынды (оның ішінде қаржы ұйымдары арқылы 3,2 мың бас алынып, облыстың республикадағы үлесі 9,8%).

Өңірлік, мал шаруашылығын дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған іс-шарсы аясында 2015 жылы жалпы 2289 жобаға 5,6 млрд.тг. несие қаржы берілді.

10-15 бастық шағын мал бордақылау алаңдары 3108 бірлік, 609 шағын жанұялық сүт аулалары, 28 шағын құс фермасы, 47 сүт қабылдау бекеттері, 8 СТК ашылды.

Сонымен қатар 100-3000 бастық 39 ірі мал бордақылау алаңдары ашылды.

Қайта өңдеу саласы

- Облыста 43 ет (жалпы қуаттылығы-39,0 мың тн/жылына), 38 сүт (130,1 мың тн), 35 бірлік жеміс-көкөніс (107,6 мың тн) өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары жұмыс жасайды.

2015 жылы қайта өңдеу кәсіпорындарының қуаттылықтарын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, қосымша еттен-8,1 мың тн, сүттен-9,0 мың тн және жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу қуаттылықтары-18,6 мың тн артты.  Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемі 158,6 млрд.тг құрады,  НКИ 101,5 % жетті.

2015 жылы «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында 34 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, инвестиция көлемі 17% артты.

 2016 жылы ауыл шаруашылығы саласында жоспарланған шаралар:

2016 жылы ауыл шаруашылығы саласының негізгі көрсеткіштері бойынша:

  • Ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 368 млрд.теңгеге, НКИ  

  • 105,0% ;

  • Егіс көлемі 773,0 мың га;

  • Тамшылатып суғару технологиясы 51 мың га;

  • Жылыжайлардың  көлемі 1,1 мың га жеткізіледі;

  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру: Ет – 208,6 мың тонна;

                                                                        Сүт – 723 мың тонна;

                                                                        Жұмыртқа – 302 млн. дана.

  •  «Мал шаруашылығын дамытудың 2014 – 2016 ж.ж. арналған іс-шаралары» бойынша:

      -   3078 бірлік шағын мал бордақылау алаңдары;

      -   611 бірлік жанұялық сүт фермалары;

      -   3 СПК құру.

         - «Сыбаға» бағдарламасымен 13,0 мың бас аналық ірі қара мал;

«Алтын асық» бағдарламасымен 21,5 мың бас тұсақ мал;

«Құлан» бағдарламасымен 2,6 мың бас жылқы алынады.

  • Қайта өңдеу саласы бойынша: қайта өңдеу кәсіпорындарының қуаттылықтарын қосымша еттен 5,7 мың тн., сүттен 4,7 мың тн. және жеміс-көкөністен 5,7 мың тн. арттыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

  • «Агробизнес 2020» бағдарламасы аясында 10 инвестициялық жоба іске асырылатын болады.

Аbai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2068