Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 9156 0 пікір 29 Шілде, 2016 сағат 15:57

ОҚО: БӘЙДІБЕКТЕ МАЛ АЗЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАЙЫНДАЛУДА

Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданында мал азығы қарқынды дайындалуда. Бұл туралы «Abai.kz» порталы Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Қыстың қамын жаз ойла»  дегендей алдағы қысқа  дайындықтың ең маңыздысы  мал азығын дайындау.  Қазір ауданымыздың барлық  округтерінде шөп ору науқаны қызу жүріп жатыр. Мәселен Ағыбетте 30640, Ақбастауда 22760, Алғабаста 21582,  Алмалыда  11337,  Боралдайда  23598,  Борлысайда  10815,  Бөгенде 26105,  Жамбылда 21604, Көктеректе 15690,  Мыңбұлақта  9415  тонна сояулы мал азығы дайындалса, аудан бойынша барлығы 193546 тоннаны құрап отыр.  Ал пішен дайындау барлық ауыл әкімдіктері блйынша  174261 тонна,  жоңышқа  19285 тонна дайындалған.

АСТЫҚ ОРАҒЫ БАСТАЛДЫ

Биыл аудан бойынша 310824 гектарға масақты дақыл егілсе, оның ішінде күздік 24047 га күздік, 708 га жаздық бидай, ал 7068 га арпа егілген.  Қазіргі таңда Боралдай, Ақбастау, Бөген, Көктерек, Жамбыл  ауыл округтерінде астық ору науқаны басталды.   Казіргі кезге дейін  3540 гектар бидай орылды. Түсім орта есеппен 20 центнерден.  Қазір қамбаға  6600 тоннадан астам астық құйылды.

Аbai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 927
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2404
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 636
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 616