Бейсенбі, 4 Наурыз 2021
46 - сөз 2201 0 пікір 14 Қараша, 2016 сағат 08:00

АХЫСКА ТҮРІКТЕРІНІҢ ҚАРАЛЫ КҮНІ

Түрік халықтарының соңғы ғасырлардағы тарихын, тағдырын зерделейтін болсақ, трагедияларға толы екенін анық көреміз. Әрине өкінішті... Бірақ, сол ұлттық трагедиялардан әр қайсысынан тиісті қорытынды шығарып тұрмасақ, қайталануы бек мүмкін...

Өткен жолы Қарашай бауырларымыздың жаппай сүргінге ұшыраған қилы тағдыры туралы бірер сөз айтқан болатыныз.

Ал, бүгін, яғни қарашаның он төрті - Ахыска Түріктері үшін қаралы күн болып саналады.

Нақтырақ айтар болсақ, 1944 жылдың 14 қарашасында Сталиннің бұйрығымен Ахыска түріктері (Қарашайлар секілді) бір түнде, дәлірегі бірнеше сағаттың ішінде, жаппай жүк вагондарына күшпен тиеліп, Орта Азияға айдалған. 

Тірі қалғандар жол бойы ішерге су, азық қылатын бір үзім нан да берілмеген деседі. Тықсырылған вагондардың ішінде, жолда қайтыс болғандары қаншама...

Бүгінгі қаралы күнде Ахыска бауырларымыздың қайғы-қасіретіне ортақтаса отырып, құрбан болғандардың жандары жәннатта шақысын деп тілеймін.

Болашақта осындай трагедиялар қайталанбас үшін ұмытпайық, ұмыттырмайық...

ТІЛДІ, ІСТЕ, ПІКІРДЕ БІРЛІК!

АҚИҚАТ АЙТЫЛУ КЕРЕК!

Нұрғали Жүсіпбай

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір