Сенбі, 23 Қараша 2024
Дода 13837 0 пікір 13 Қараша, 2016 сағат 00:00

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» идеясы мыңжылдықтарды қамтиды

Бүгінде буыны бекіп, қабырғасы қатайған Қазақстанның келешегі кемел. Іссапарларға шыққанда облыс әкімі Қырымбек Көшер­баев Елбасының сарабдал саясатын сөз етеді. Әсіресе, мемлекет басшысының мына сөзіне ерекше тоқталады. «Біз үй­ре­нуші  елден  үйретуші елге айналамыз». Қалай? Тәуелсіздік алғанымызға – 25 жыл. Ширек  ға­сырда­ кімге қандай жол көрсете  аламыз? Тарихтың уақыт айналымына салсаң, бұл көп уақыт емес. Бірақ біздің аяқтағы «тұсауды» ағытып, бостандық ауасын жұтқанымызға жиырма бес жыл болғанымен, тарихымыз тым тереңде.

Сонау сақ, ғұн, үйсін тайпаларынан бастау алатын Қазақ елі Түрік қаға­наты уағында қытайларды уысында ұстаған. Көрші елдегілер жібек матаны сый реті­нде біздің қағандарға керуен-керуен етіп  жіберіп  отыр­ған. Ал Алтын Орданың жөні бөлек. Рухы биік Бату хан орыстардың өзіне сөзін жүргізіп отырды. Қат-қабат кітаптарды парақтасаң, қазақтардың қашанда өршіл, біреудің таба­нында  езгілен­ген­ді тәуір  көрмей­тін  ел екенін бірден бай­қауға болады. Түрлі құнды мәлімет­тері­міз  тасқа қашалып қал­дырыл­ғаны да белгілі. Орхон-Енисей ескерткішін еске түсірсеңіз болад­ы. Бүкіл түркі қауымы тағзым ететін Қорқыт Атаның өзі неге тұрады? Қай­бір жылы баба ескерткішінің басына келген­  немістердің өзі Қор­қыт Ата құдіретіне бас иіп кеткен. Себебі жоғарыдан төмен орнатылған түтікшелер арқылы желдің уілімен қобыз үні естіледі. Мұндай деректер айта берсең  көп. Соның бәрін сана­сына сыйдырған Елбасы өткен жылы өзінің «Мәңгілік ел» идеясын  ұсынды.

Бұл идея көз алартып, бір саусағын ішіне бүккен сыртқы жаулардың да ішкі ызасына берілг­ен  жауап  болды.

Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігіміз­ді нығайту басты мақсат болып табылады. Өйткені, тәуел­сіз­дік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына ай­налған, сонау Алаш тұлға­ла­рының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын.

Мәңгілік Ел - ата-бабала­рымыздың сан мың жылдан бергі  асыл арманы.

Ол арман - әлем елдерімен терезе­сі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану­ еді.

Ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңі­не сеніммен қарайтын бақыт­ты Ел болу еді.

Біз армандарды ақиқатқа айнал­дырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын  қаладық.

Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - Мәңгілік Ел идеясы.

Тәуелсіздікпен бірге хал­қы­мыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.

Біз  еліміздің  жүрегі, тәуел­сіздігіміздің тірегі - Мәңгілік Елордамызды  тұрғыздық.

Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.

Бұл сөздерді Елбасы Н.На­зар­баев  «Қазақстан  жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында айтты. Идеяның басты мақ­саты еліміздің ең дамыған  30 мемлекеттің қатарына қо­сылуы екендігін де қаперге ілді.

Білсеңіздер, әлемді идея билейді. Қоғамдағы жұмысшы тап өкілдері болсын, саясаткерлер болсын, өздерінің не үшін, кім үшін жұмыс істеп жатқ­андықтарын жақсы білуі тиіс. Сондықтан оларды ортақ іске жұмылдыратын негіз керек­. Сұранып тұрған сәтте, мемлекет басшысы «Мәңгілік ел» идеясын ортаға тастады. Тәуелсіздікті одан әрі баянды ету, дағдарыстың дауылына құламау  сынды  қағидаларды да атап өтті. Осыдан 13 ғасыр бұрынғы Тоныкөк абыздың өсиетін тегіс елдің есіне салды. «Түркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел». Жалпыұлттық идеяның өзегі де осы.

Біз сөз барысында неге тарих­қа тоқтала береміз? Себеб­і «Мәңгілік ел» идеясының өзі тұнып тұрған тарих. Біздің қайсарлығымызды, ержүрект­ілігімізді, ешкімнен кем түспейтіндігімізді Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясымен бір таныссаңыз, суға сүңгіп шыққандай күш аласыз. Өйт­кені адам қуатты ертеңгі күні­мен ғана емес, өткен күнімен де алады. «Біздің ата-бабаларымыз мықты болған екен, неге біз осал болуымыз тиіс?» деген сауал  сана саңылауынан ерік­сіз ытқып шығуы да заңдылық.

Біз өткен тарихымыздан үлкен күш алуымыз керек. Қорқасоқтауға негіз де жоқ. Бабаларымыздың батырлығы жыр-дастан. Олардың жүрек жұт­қандығын жыршыларымыз таңды таңға ұрып жырлайды. Біз білекті сыпырып жіберіп, жауға ғана шабатын халық емеспіз. Біз, сондай-ақ, өзге ұлттың алдында білімділік бойынша именбейтін халықпыз.

Осы ретте Алаш зиялыларын айтпай кетсек ұят. Өткен ғасырда қазақ интеллигенциясы бас біріктірді. Олар түрлі салалар бойынша жетістікке жетіп, отаршыл Патша үкіметі­нің таңдайын қақтырған кездер болды. Мамандығы орманшы болса да баспасөзге етене араласып, Қазақ даласына жаса­латын экспедициясының түпкі мақсатына жету үшін Әлихан Бөкейханов басын бәйгеге тікті. Қазақ даласын зерттеуде орыстардың нені ойға алғанын білуді мақсат тұтты. Өзі отар елдің оғланы болса да, қолда күші бар билік­ке шарттарын қоя білді. Ресей­дің Мемлекеттік Думасынан қазақтардың да қара көрсетуі керек деді. Оқыған азамат заңмен жақсы таныс еді. Тіреп тұрған әкесі, арқа сүйер көкесі болмаса да қазақтардың зіл батпан мәселелерін арқалап, талай есікті тоздырды. Сол жылдары  сауатты  қазақтардың үлесі он пайыз ғана болатын. Соған қарамастан, Бөкейханов секілді елжанды азаматтар халық­тың қамын жеді. Осындай азаматтардың өмір жолы «Мәңгілік ел» идеясын одан әрі жүзеге асыруға құлшынысты арттыра ма? Арттырады.

Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін жастарымыз бабаларымыз аңсап өткен тәуел­сіздіктің туын жықпай, желбірете білуі тиіс. Өйткені, бабаларымыздың ұлан-байтақ жерін қалай қорғағанын, бостандықты қалай аңсап-қадірлегенін білеміз. Жаста­р  сондай текті ұрпақтың ұрпағы  екендіктерін  сезініп, осы «тәуел­сіздік», «мәңгілік ел» ұғымдарын  саналарына  сіңі­ріп, қастерлеуге  міндетті.

Жаңарудың, өміршеңдіктің негізі жастарда. Бұл үшін азаматтар тәлім-тәрбие мен ғы­лым­ға баса мән беріп, біліммен мықтап қарулануы қажет. Елдің экономикалық, рухани жағдайының дамып, өркендеуі, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру елдің білім деңгейімен де тығыз байланысты. Қазіргі кезде бұл бағытта нәтижелі жұмыстар атқарылып та жатыр. Жастар «Болашақ» бағдарламасының ая­сында шетелдерде білім алып, шетел тәжірибесі­нің артықшылықтары мен кемшін тұстарына көз жеткі­зіп, санасына тоқып келіп, елі­міздегі маңызды қызмет салаларында сол тәжірибелерін қолданып еңбек атқаруда.

Біз жаңа ғасырда мотивация деген сөзді жиі қозғаймыз. Бұл – ғасыр межесі. Бой емес, ой салыстыратын заманда жас­тардың білімді болуы ғана мемлеке­тті «қаруландырады». Озық ойлы жастар көп нәр­се­нің байыбына барады. Ненің ақ, ненің қара екендігін ажыра­тады. Ал көкірек көзі әлі ояна қоймаған жастар түрлі теріс ағымның жетегіне еріп кете бара­ды. Сананы улап, айтақ­таған әңгімесімен жүреді. Сөйтіп елдің ішіне іріткі са­ла­ды. Ал мұндай толқынның бетін қайтаратын, ол біздің – салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз, рухани құндылықта­рымыз. Осылармен өмір сүр­сек, біздің «Мәңгілік ел» идея­мыз «Ұлы дала елімен» ұштасады.

Бірақ идеямыз бар болуы жұмыс өзінен-өзі жүреді деген сөз  емес. Оны  жүзеге асыратын – біздер. Әрқайсысымыз. Тал түске дейін жастықпен жолдас болсаң, іс насырға шабады. Талмай еңбек етсең ғана, ісің алға басады. Алысқа бармай, көршіден үлгі алатын болса­қ, бізге қытай мен өзбектен асқан ешкім жоқ. Біз қазір олардан үлгі алуды ойлап отырмыз, «Мәңгілік ел» идеясын орындау үшін олар бізден үлгі алуы тиіс.  Сондықтан да Елба­сының жалпыға  ортақ ар­нал­ған мына сөздерін түртіп алудың  еш сөкеттігі жоқ.

Рухы биік,  еңбегі  ерен,  бір­лігі  мығым  Мәңгілік Ел болу  үшін бізде  бәрі бар. Тә­уел­сіз­діктің  туын  желбіретіп, тұғырын ны­ғайт­қан біздің тарих­ алдын­да  жүзіміз   жарқын!   Біздің   тірегіміз – тәуелсіздік, тіле­гіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!

Мен халқыма сенемін. Көк байрағымыздағы алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар биіктерден көрінсін!  Барды­ бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіресін!

Белгілі ақын Мұхтар Шахановтың:

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,

Үлкен болып қалу үшін ғаламда

Мәңгі арман керек екен адамға, - деген өлең жолдары бар.

Бұл тұрғыдан алғанда, біз­дің бағытымыз оң.

Гауһарай  ЕСІМОВА

Abai.kz


0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5527