Сенбі, 23 Қараша 2024
Бәсе... 4452 0 пікір 12 Қараша, 2016 сағат 00:00

«Нұрлы Жол» – Ел мен Елбасы сенімін ақтаған бағдарлама

Соңғы жылдары елімізде тұрғын үй құрылысы қарқын алып, әлеуметтік нысандар жетіспеушілігінің азайғаны, көлік-логистикалық инфрақұрылымның дамығаны айқын байқалады. Бұл, бірінші кезекте, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы Жол - болашаққа бас­тар жол» Жолдауының арқасында жолға қойылған ауқымды шаралардың көрінісі.

Сөз басында «Нұрлы Жол - болашаққа бастар жол» бағдарламасының басты бағыттары мен оларды жүзеге асыруға бөлінген қаржы көлеміне тоқталайық.

Бірінші, көлік-логистикалық инфра­құрылымды дамытуға 2015 жылы 81 мил­­лиард теңге көлемінде қаражат бөлінді, 2016 жылы бұл мақсатқа 149,2 миллиард қаражат қарастырылған.

Халықты қолжетімді баспанамен қамту да бағдарламаның шешуші ба­ғыт­тарының бірі деуге болады. 2015 жы­лы бұл бағытқа 60 миллиард теңге бөлінсе, биылғы жылдың соңына дейін 22 миллиард теңге қарастырылып отыр.

Үшінші бағыт - білім беру сала­сындағы инфрақұрылымдарды жетіл­діру. Осы арқылы үш ауысымда оқы­татын және апаттық жағдайлардағы мек­тептерді жою көзделіп отыр. Сол үшін өткен жылы 35 миллиард теңге бөлінсе, биылғы жылдың соңына дейін 33 миллиард теңге көлеміндегі қаражат игерілуге тиіс.

Шағын және орта бизнеске қамқорлық жасауға 2015 жылы республика бойынша 157,6 миллиард теңге бөлінді. Соның арқасында мыңдаған жұмыс орындарын сақтап қалуға мүмкіндік туғанын айта кеткен жөн.

Ауыр шаруашылығы тауарларын өн­дірушілер үшін де бұл бағдарламаның көмегі зор. Аталмыш салаға қамқорлық жасауға 2015 жылы 18,9 миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсалды.

«Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша осы тектес барлығы 13 бағытты дамы­ту қарастырылып отыр. Жоғарыда біз соның бірнешеуін ғана атап өттік.

Көлік-логистикалық инфрақұры­лымды дамыту облыстардың өзара сау­да-саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтуға ықпал еткені қазірдің өзінде айқын байқалып отыр. Осылайша, Елбасымыз атап өткендей, Жолдаудың басты түйіні болған «Алысты жақын ету» мәселесі шешімін таба бастады.

Бірінші кезекте жүзеге асырылатын автожолдар негізі ретінде Батыс Қытай - Батыс Еуропа, Астана - Алматы, Астана - Өскемен, Астана - Ақтөбе - Атырау, Алматы - Өскемен, Қарағанды - Жезқазған - Қызылорда, Атырау - Астрахань автожолдары жобасын жүзеге асыру көзделген болатын. Осы автожолдар жобаларының ішінде тарихтағы Ұлы Жібек жолының заманауи нұсқасындай болған Батыс Қытай - Батыс Еуропа транзиттік жолының маңызы айрықша зор. Оның жалпы ұзындығы 8,5 мың шақырымға жуықтайды. 2233 шақырымы - Ресей территориясын, 2787 шақырымы Қазақстан аумағын басып өтеді. 3425 шақырымы Қытай аумағында.

Аталған транзиттік бағыт Ақтөбе, Қы­зылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жам­был және Алматы облыстарының аумақтарын жалғап жатқанының өзі оның қаншалықты зор маңызға ие екендігін айқын байқатса керек. Күре жолдың бойында 5 миллионға тарта халық тұратынын ескерсек, қаншама адам жұмысқа тартылғанын көз алды­ңыз­ға елестете беріңіз. Жаһандық эко­но­микалық дағдарыс кезінде мұндай үлкен жобаны қолға алу - бір жағынан халықты жұмыспен қамтуға да ықпалын тигізді.

Оған қоса, Ұлы Жібек жолының бойында құм астында көмілген Отырар, Сайран, Сауран, Тараз, Алтынтөбе сынды көне шаһарлар да орналасқанын айта кету керек. Өз дәуірінде өркениет бесігі болған бұл қалаларды біреу білсе, біреу білмес. Жуық арада Батыс Еуропа - Батыс Қытай транзиттік жо­лының бойында қызу тіршілік қайнаған кезде «ұмытылған қалалар» тіріліп, туристердің қызығушылығын тудырары хақ! Яғни, ел бюджетін толық­тыруға, жұмыспен қамтуға қосым­ша мүмкіндіктер ашылады деген сөз.

Аталған күре жол биылғы жылдың соңына дейін толықтай пайдалануға берілуге тиіс. Қазір оның бітпей тұрған үш жол бөлігі бар. Олар Ташкент - Шымкент, Алматы - Қорғас және Шымкент пен Жамбыл облысының шекарасына дейінгі аймақ. Өткен жылы жобаны іске асыру үшін 75 млрд. теңге игеріліп, жобаның басым бөлігі түйінделді.

Инвестициялар және даму минис­трлігі Автокөлік жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков транзиттік жолдың сипаттамасын:

- Қытаймен шекарадағы Қорғас бекетінен Қызылордаға дейін төрт жолақты жол болады. Бұл шамамен 1400 шақырымды құрайды. Бүгінде осы бағытта қозғалыс екі есе көбейді. Ал құрылыс аяқталғаннан кейін жолдағы уақыт та екі есе азаяды. Сондай-ақ, қауіп­сіздік жағы да жоғары болады деп жоспарлап отырмыз,- деп түсіндірді.

Автокөлік жолдары комитетінің хабарлауынша, 2016 жылы «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында автокөлік жолдарына қатысты жұмыстарға 100 мыңнан астам адам тартылмақ. 2017-2019 жылдары бас-аяғы 200 мың жұмыс орны құрылады деп жоспарланған.

Бағдарламаның тағы бір маңызды тұсы - тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту мәселесінің қамтылуы. Елбасы Жолдауының аясында «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы жаңа­рып, жаңғыртылып, 2015 жылдың көктемінде іске қосылған болатын. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ төрағасы Қуандық Бишімбаев айтқандай, Елбасы Жолдауына сәйкес бұл бағдарламаға өзгерістер енгізілді.

- Бұған дейін «Қазақстандық ипо­текалық компания» АҚ бағдарламасы бойынша тұрғын үй алдымен жалға беріліп, кейін пәтер алушының меншігіне өтетін. Пәтерлер бюджет қаражатына салынатын. Жаңа бағдарламада осы механизмдер сақталып, әлеуметтік аспектілері күшейтілді. Сонымен қатар, алдын ала төлем алынып тасталып, сатып алғанға дейінгі жалға беру мерзімі ұзартылды, - дейді Қуандық Бишімбаев.

«Нұрлы Жол» бағдарламасының арқасында елімізде тұрғын үй инфра­құрылымын нығайту, отандық өндіру­шілерді қорғау, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағытында аз уақыт ішінде ауқымды жұмыстар атқарылды.

Алматы қаласының өзінде 2015 жылы аталған бағдарлама бойынша 111,5 мың шаршы метр немесе 1 885 пәтер салынып, пайдалануға берілді. 34 шағын және орта кәсіпкерлік нысаны 8,7 миллиард теңге жеңілдетілген несиеге ие болды. Соның арқасында 7,4 мың жұмыс орны сақталды. Биылғы жылдың соңына дейін шаһарда 900 және 600 орындық екі бірдей білім беру нысанының құрылысы аяқталуға тиіс.

Қарағанды облысында өткен жылы 10 мың шаршы метр, яғни, 152 жалға берілетін пәтер салынды. 21 шағын және орта бизнес нысандарына 2,2 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген несие беру арқылы 1,7 мың жұмыс орнын сақтап қалуға мүмкіндік жасалды. Ұлттық қор қаражатын пайдалана отырып, жылумен қамту бойынша 4 жобаға 2 миллиард теңге бөлінді, 8,3 шақырым желі жөндеуден өткізілді.

Қазіргі таңда Қарағанды мен Сәт­баев қалаларында екі мектеп пен бір балабақшаның құрылысы жүріп жатыр. Бұл нысандар биылғы жылы толық салынып, пайдалануға берілуге тиіс.

«Нұрлы Жол» бағдарламасының шарапатын қызылордалықтар айқын сезінуде. Өткен жылы облыста 950 жалға берілетін пәтер пайдалануға берілді. Ұлттық қор есебінен жылумен қамту жүйелерін қалпына келтіруге 3 миллиард теңге қаражат бөлініп, 14 жоба жүзеге асырылды. 11,2 шақырым желілік, кварталаралық жылу трассалары, 2 сорғыш станса қайта қалпына келтірілді. Орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау аясында 473 миллион теңге несие бөлініп, 336 жұмыс орны сақталды.

Білім беру салаларында да ауыз толтырып айтуға тұратын жұмыс­тар атқарылуда. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында үш ауысымда оқыту мен апаттық жағдайлардағы білім беру нысандарын жою жұмысы аяқталуға жақын. Екі мектеп пен бір балабақша пайдалануға берілгеннен кейін бұл проблема біржола шешіледі деуге толық негіз бар.

Өткен жылы аймақта 2 көп қабат­ты жалға берілетін тұрғын үйдің құры­лысына 1,2 миллиард теңге бөлініп, нәтижесінде 198 отбасы қоныс то­йын тойлады. Орта және шағын кәсіп­керлерге қолдау көрсету де көңіл көн­шітеді, 2015 жылы бұл мақсатқа 1,9 миллиард теңге жеңілдетілген несие бөлініп, 2 мың жұмыс орны сақталған. Астана - Петропавл автожолы да толық жөндеуден өткізілді. Жыл соңына дейін аймақта тағы 87 шақырым көлік жолы пайдалануға берілмек.

Ақмола облысында өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы көлемі 282 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Облыс әкімі С.Кулагиннің айтуынша, 2015 жылы қаржыландырудың барлық көздері арқылы құрылыс саласына құйылған инвестиция көлемі 27 миллиард теңгені құраған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,2 есеге артық көрсеткіш.

- Өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы көлемі 282 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл оның алдыңғы жылмен салыстырғанда 105,3 пайызын құрады, - дейді облыс әкімі.

Таяу жылдары еліміздің барлық аймақтарында апатты жағдайдағы мек­­тептерді, үш ауысымды оқытуды және мектепке дейінгі мекемелердің тапшылығын жою мәселелері шешімін табатын болады. Осы мақсатта 2017-2018 жылдары 34 мектеп пен 17 балабақша салынады. Бұл мәселенің жүзеге асырылуын «Нұр Отан» партиясы тікелей өз бақылауына алып отыр.

Ағымдағы жылғы 1 наурызда құрыл­ғанына 17 жыл толған «Нұр Отан» партиясы алдағы уақытта жалға берілетін тұрғын үйді дамытуға басымдық бермек. Бұл туралы партияның сайлауалды бағдарламасында нақты көрсетіліп отыр. «Жалға берілетін тұрғын үй құрылысы - партия Көшбасшысы бас­тамашы болған «Нұрлы Жол» мем­лекеттік инфрақұрылымдық даму бағ­дарламасының маңызды бөлігі. …Бұл ел азаматтарын, ең алдымен, жас отбасыларды дербес баспанамен қамтамасыз ету үшін прагматикалық және нақты жол. Ол, әсіресе, халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін неғұрлым қолжетімді және сұранысқа ие құрал» делінген сайлауалды бағдарламада.

Осы мақсатта биылғы жылдың өзінде республика бойынша 379 миллиард теңге қарастырылып отыр. Бұл қаражаттың 22,5 миллиарды жалға берілетін тұрғын үй құрылысын жалғастыруға, 149 миллиард теңгесі несиелік тұрғын үй құрылысына бағытталмақ.

2020 жылға дейін «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1,4 млн. шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй салынады. Бір айта кетерлігі, құрылыс саласындағы 1 жұмыс орны оған қатысы бар салаларда 6-ға дейін қосымша жұмыс орындарын ашады.

«Нұрлы Жол» бағдарламасының бас­ты артықшылығы - оның халықтың экономикалық белсенділігінің басты қозғаушы күші бола білуінде. Елбасы дер кезінде бастамашы болған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы елді жан-жақты дамытуға бастайтын жол деуге толық негіз бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5525