Жексенбі, 24 Қараша 2024
Мәйекті 5448 0 пікір 10 Маусым, 2019 сағат 00:00

Қазақстан тарихындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегіне әділ баға беретін уақыт жетті

Өткенде Қазақстан Парламентінің Сенаты бір ауыздан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті сенатор» дейтін атақ берді. Құрмет көрсетті. Осыған орай, Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы Президент Назарбаевтың рөлі мен еңбегі туралы екі ауыз сөз айтуды жөн көрдік.

Ата-бабамыздың салған сара жолымен нұрлы болашақ жолына аяңдап басып келеміз. Әлем мойындаған Қазақстанды, ұлттар ұлықтаған  қазақты, тәуел­сіздіктің туын көкке көтерген егемен елді жарқын болашаққа жетелеп келе жатқан көшбасшы – Тұңғыш Президент.

1991 жылғы 1 желтоқсанда, алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Бұл жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын тапсырған Қазақстан халқының жауапты таңдауы еді. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды.

Ғасырға бергісіз жиырма сегіз жылдың ішінде қазақ деген ұлтты, Қазақстан атты мемлекетті БҰҰ құрамындағы барлық мемлекет түгел мойындады, тәуелсіздігін таныды. Әлемнің 150-ден астам елдерімен дипломатиялық қатынас орнатты.  Қазақтың шекарасы айқындалып, ол Қытайдың, Ресейдің, Өзбекстанның Жоғарғы заң шығарушы органдарында тиісті ратификациядан өтті, заңды күшіне енді.

Міне, сондықтан, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы Елбасының атымен тікелей байланысты. Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi - Елбасы туралы №83 Конституциялық заң 2000 жылдың 20 шiлдесінде шықты, оған 2010 жылдың 14 маусымында №289-IV өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Аталмыш заңда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң – Елбасының мәртебесi мен өкiлеттiгi баяндалған. Ал, 2011 жылы ел Парламентінің 1 желтоқсанды «Тұңғыш Президент күні» деп жариялауы осы Конституциялық заңдардың аясында жүзеге асқанын айта кету керек.

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен  бергі кезең ішінде Қазақстан демократиялық сая­си-құқықтық жүйесі бар, экономикасы тұрақты, халқының әл-ауқаты жоғары, ұдайы даму үстіндегі мемлекет ретінде қалыптасты. Елбасы өткен жылдар ішінде көрнекті мемлекет қайраткері екендігін көрсетті. Мемлекет басшысы қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту, жаһандық бейбіт бастамалардың авторы ретінде елдің сыртқы саяси бағытын дәл айқындауға орасан зор үлес қосты.

Оның жан-жақты сараланған саясатының нәтижесінде Қазақстан дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі қиындықтарды еңсеріп, өркендеу жолына түсті.

Қазақстан Республикасы Президентінің қайраткерлігі мен табандылығының арқасында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қаншама маңызды заңдар қабылданды. Қазақстан халқы үшін тың құрылымның бірі - жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес жүргізетін сала болды.

«Сыбайлас жемқорлықпен күресу баршаның және әр адамның міндеті. Сыбайлас жемқорлық біздің мемлекеттілігіміз бен демократиямызды жегідей жейді. Сондықтан да біз сыбайлас жемқорлықтың жолын кесудің және қоғамда оның кез келген көрінісіне ымырасыздық  ахуалын қалыптастырудың жүйелік жағдайын жасаймыз», - деп нақты атап өтті Елбасы.  Мемлекеттік басқару жүйесі барынша ашық әрі қоғамдық бақылау үшін қолжетімді болуы керек.

Мемлекет басшысы құқық қорғау саласында көптеген жаңашылдыққа бастамашы болды. Қазақстан жаңа құқықтық жүйемен алға қадам басты. Тәуелсіздік жылдарында тәуелсіз сот билігі мен заманауи құқық қорғау жүйесі қалыптасты.

Республика Президентінің 1994 жылғы 12 ақпанындағы №1569 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның бірінші мемлекеттік бағдарламасында қылмыспен күрес саясатын реформалау, жаңа сот жүйесін қалыптастыру және құқық қорғау құрылымдарының жұмысына деген көзқарасты қайта қарау жөніндегі шаралар кешені ойлас­тырылған болатын.

Аса маңызды заңнамалық актілерді әзірлеуге, талқылауға және қабылдауға Мемлекет басшысының өзі тікелей қатысты. Негізгі Заң қабылданғаннан кейін қысқа мерзім ішінде Президенттің «Қазақстан Республикасынындағы соттар және судьялар мәртебесі туралы» конституциялық заң күші бар Жарлығы, «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы», «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» заң күші бар Жарлықтары,  жаңа Қылмыстық кодекс, Қылмыстық іс жүргізу кодексі, Қылмыстық-атқару  кодексі, «Адвокаттық, Нотраиаттық қызмет туралы және т.б. заңдар қабылданып, олар біріңғай сот жүйесін құрудың, құқық қорғау органдарын реформалаудың, білікті заң көмегімен қамтамасыз етудің құқықтық негізін қалады.

Аталмыш Заң шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу тәртібін жеңілдетуге және тіркеу мерзімдерін қысқарту және әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған.

Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің аса ірі мемлекет басшылары мойындаған қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлердің бірі.  Ол ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені  бойына тоғыстырған тұлға.

Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіз қазақ елінде дүние­жүзілік-тарихи маңызы бар істер атқарылды.  1991 жылдың күзінде 40 жылдан астам уақыт бойы адамзат баласына от бүркіп, апат қауіпін төндіріп келген Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. 459 ядролық жарылыс өткен бұл полигон енді мәңгіге тыншыды. Туған елінің тыныштығын, адамзаттың қауіпсіздігін ту еткен Елбасы Америка Құрама Штаттарының, Ресейдің, Францияның басшыларымен ұзақ та күрделі келіссөздер жүргізіп, ядролық қаруды Қазақстаннан аластауға 1994 жылы келісті.

Бұл біз үшін өтеуі қымбат келісім еді. Өйткені ядролық державалар (АҚШ, Англия, Россия, Қытай, Франция) Қазақстанның тәуелсіздігіне, егемендігіне және бүгінгі шекараларының өзгермейтініне құрметін білдірді, Қазақстанның тәуелсіздігіне, территориялық біртұтастығына қарсы күш қолданбауға міндеттенді, Қазақстанға экономикалық қысым көрсетуге бармайтынын мәлімдеді. 1995 жылы соңғы ядролық қару қазақ елінен әкетілді. Осылайша адамзат тарихында тұңғыш рет жойқын қарудан ерікті түрде бас тартқан мемлекет пайда болды.

Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар істер атқарылды. Үш ғасырға  жуық уақыт бойы отаршылдықтың тауқыметін қазақ халқын өзгелер таныды. ТМД елдерінің аясындағы ең көп тілді,  көп конфессиялы Қазақстанның еңсесін көтеріп, тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті Нұрсұлтан Әбішұлының маңдайына жазылды.

Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттары мен міндеттерінің маңыздылығы ерекше атап өткен жөн.  Әлемдегі барынша дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу кеше ғана тоталитарлық саяси жүйемен құрсауланған, бәрін де жергілікті жағдайлармен есептеспей өзіне лайықтысын ғана атқаруға рұқсат беріп, кесіп-пішіп отыратын билеуші орталықтың басқаруында болған, өз еркі өзіне тимей келген қоғам үшін мүлде оңай шаруа емес.

Тіпті мұндай биікке қол жеткізудің мүмкіндігіне күмәндана қарағандар да  көп. Алайда,  2030 жылға дейін бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену межесін алға қойғанда да сенетін жандар аз болған. Бірақ бұл меже мерзімінен бұрын орындалып, Қазақстан қазірдің өзінде барынша дамыған 50 мемлекеттің қатарына кіріп отыр. Осы істерді бастап қана қоймай, аяғына дейін жеткізіп келе жатқан Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың орасан зор еңбегі және оның мемлекеттік-саяси қызметін тарихи еңбек деп бағалау өзекті.

Ерғали Берікұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588