Сенбі, 23 Қараша 2024
Жөн-ақ 4410 0 пікір 7 Қараша, 2016 сағат 12:46

ПОЛЬША ПАРЛАМЕНТІ ҚАЗАҚСТАН МЕН ЕО ИНТЕГРАЦИЯСЫН ҚОЛДАДЫ

Польша Парламенті Қазақстанның Еуро одақ елдерімен серіктестікті нығайту туралы келісімді ратификациялады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеп отыр.

4-қараша күні өткен Польша Парламенті Сенатының пленарлы отырысында Еуро одақ елдері мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты нығайту туралы келісімді талқылаған жиынға Польша Сенатының 70 депутаты қатысқан. Қазақстанның Еуро одақпен интеграциясын қолдап 69 депутат дауыс беріпті.

Ұсыныс жасаған сенатор Гжегож Наперальский жиын барысында Орталық Азиядағы Қазақстанның беделі, 25 жылдағы Қазақстанның саяси-экономикалық, индустриалды-инновациялық жетістіктері мен Қазақстан-Еуропа қарым-қатынастарының стратегиялық маңыздылығын атап өткен.

Сөйтіп, дауыс қортындысы мен құжат мәтінін Польша Сенатының Маршалы (спикері) Станислав Карчевский Қазақстанның өкілетті елшісі Алтай Абибуллаевқа Сенат қабырғасында табыс етті.

Поляк депутаттарының бір ауыздан  дауыс беруіне себеп – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 22-23 тамыз күндері Польшаға жасаған сапары болса керек.

Ол жолы 2017 жылдың 1-қаңтарынан бастап Польша мен Қазақстан арасында визасыз режим орнату және Астана-Варшава арасында төте әуе рейсін ашу туралы келісімдерге қол қойылған еді.

«Біз Қазақстан мен ЕО арасындағы байланыстың нығайғанын қалаймыз. Әсіресе, Нұрсұлтан Әбішұлының Польшаға арнайы келуі екі жақты қарым-қатынастың жоғары маңызға ие екендігін көрсетеді және Польша - Қазақстанның Еуропадағы терезесі болуға дайын»,-дейді  Сенат Маршалы (спикері) С. Карчевский.

Айта кетейік, Осыған дейін Словакия, Румыния, Венгрия, Аустрия, Швейцария мен  Нидерланды да Қазақстан - Еуро одақ интеграциясын,  визасыз режим орнату мәселелерін қолдайтынын білдірген-ді.

Еуро одақ - Қазқастанның Егемендік алған күннен бергі басты серіктесі. Алғашқы жылдары ЕО мен Қазақстан арасындағы диалог сауда, инвестиция секілді мәселелер төңірегінде өрбісе, 2002 жылдан бері энергетика, транспорт, құқықтық құрылымдар, ортақ саяси диалогтарды қамтитын ауқымды жобалар арқылы өріс табуда.

ЕО мен Қазақстан байланысына негіз болған құжат – Серіктестік туралы құжат (1995 жылы қол қойылып, 1999 жылы күшіне енген).

Өңірлік деңгейде Қазақстан ЕО-ның Орталық Азиядағы басты серіктесіне айналды.

Ал 2012 жылы ЕО екі жақты қарым-қатынастардың нәжижесін жариялады.

Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастықты нығайту және серіктестіктің территориалық көлемін кеңейту туралы келісімдер 2011 жылы 27 маусымда Брюссельде талқыланды. 8 раундттық талқының қорытындысы бойынша екі жақ келісімге келген.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395