Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3755 0 пікір 30 Қазан, 2016 сағат 20:27

Оңтүстіктен - Астанаға...

Оңтүстік Қазақстан облысында қоңыр күздің жаймашуақ күндері әлі сақталып тұр. ал Астанаға алғашқы қар түсті. Екі өңірдің ауа райында үлкен айырмашылық бар. Астана – ел жүрегі болса, Оңтүстік ел азаматтарын азық-түлікпен қамтуға ыңғайлы өңір саналады. Биыл, өңір диқандары дақылдың қай түрінен болмасын жақсы өнім алды. Соның арқасында жуырда Оңтүстіктен Алматыға ауылшаруашылық өнімдерінің керуені барып қайтса, бұл жолы Астанаға жол тартты. Негізгі себеп - Оңтүстік Қазақстан облысының Астанадағы күндері аясында өнеркәсіп өндірушілердің көрмесі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінің өтуі. Осы жәрмеңкеге орай кеше Шымкенттен Астанаға 300 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін «арқалаған» керуен жолға шықты. Бұйыртса, 15-16 қазан күндері «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы маңында өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Оңтүстіктің 50-ден астам тауар өндірушілері сапалы әрі балғын өнімдерін ұсынбақ.

Оңтүстік Қазақстан облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша жалпы көлемі 304 тонна болатын өнімдердің құрамында 60 тонна ет және ет өнімдері, 126 тонна көкөніс, 29 тонна жеміс-жидек, 7 тонна сүт өнімдері, 5 тонна шұбат, 25 мың дана жұмыртқа, 40 тонна бақша өнімдері, 7 тонна балық, 7 тонна бал, 3 тонна өсімдік майы мен 5 тонна кептірілген жеміс және 15 тонна басқа да өнімдер бар. Мерейтойға тарту ретінде бұл өнімдер астаналықтарға нарықтағы бағадан 15-20 пайызға дейін арзан сатылмақ.

Жолға шыққан керуен артқан ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы құны 100,8 миллион теңгені құрайды. Экологиялық таза табиғатта өндірілген, дәмі тіл үйірер өнімдер астаналықтар мен қала қонақтарын бір қуантатыны анық. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555