Жексенбі, 25 Қазан 2026
Біртуар 6190 0 пікір 28 Қазан, 2016 сағат 09:52

СҮРІНУГЕ ХАҚЫҢ ЖОҚ, ЖЕҢІЛУГЕ!..

Ертең, яғни 29 қазан күні Алматыда Канат Ислам ганалық боксшы Патрик Аллотеймен жұдырықтасады.

ҚАНАТ – ҚАЗАҚ!

Қанат Исламға

 

Елің аман жүрсің бе, басың аман,

Жаның жайсаң жігітсің жасымаған.

Бақыр басты ұл таппай, батыр тапқан,

Текті жердің қызы екен асыл анаң!

 

Арда туған атадан ұланбысың,

Аңызбысың Алашқа, ұранбысың!

Бауырына Алатау басты бүгін,

Алтын топшы Алтайдың қыран құсын.

 

Арыстандай айбатты дара туған –

Айналайын сом білек Қанатымнан!

Қарсыласын қаңбақтай домалатқан,

Жұдырығы темірден жаратылған.

 

Түк өскен бе жүрекке, бүр өскен бе,

(Жуасиды не мықты үні өшкенде)

Сүрінуге хақың жоқ, жеңілуге,

Атамекен төрінде күрескенде.

 

Азат күнге жеткенде, азат таңға,

Кім төзеді қорлық пен мазақтарға...

Қанаты бар Қазақта арман бар ма,

Арман бар ма Қанатта Қазақ барда!

 

Ғалым Қалибекұлы,  

ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1202
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1677