Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3430 0 пікір 27 Қазан, 2016 сағат 22:43

Қанымыз да, жанымыз да малға жақын қазақ емеспiз бе

Кәсiпкерлерге де, тұрғындарға да пайдасы тиер едi

2012 жылы көктемдегi су тасқынынан Темiрланның бiраз жерiн су басқанда осы ауылдың тұрғыны Темiрбек Ибрагимов қиналған ауылдастарына қолындағы техникасын да, азық-түлiкке деп қаражат та берген болатын.

– Қанымыз да, жанымыз да малға жақын қазақ емеспiз бе, 2003 жылы «Алуа» атты шағын шаруа қожалығын құрдым. Тынбай еткен еңбектiң арқасында мал да көбейдi, ешкiмнен кем емеспiз, – дейдi ол.

Алғашқыда малға жем-шөп дайындау үшiн суармалы жерден 49 жылға жалға алған 8 гектарға жоңышқа ектi. 7 жылға 10 миллион теңге несие алып, Жамбыл облысына қарасты «Меркi» асыл тұқымды мал зауытынан бiрнеше бас бұқа сатып алды. Оның әрқайсысының тiрiдей салмағы 700-1000 келiге жетедi. Қазiр жайылымға арналған 180 гектар жерi, қора-жайы бар. Малы қысы-жазы сонда. Бұл күнде кәсiпкердiң қарамағында 35 жылқы, 90 сиыр, 500-дей уақ мал бар.

Қажымұқандық кәсiпкер Темiрбек Ибрагимов қолда барды толық ұқсата алмай отырғанын айтты. Яғни өз отбасы үшiн ғана болмаса, қымыз да, сүт те сауылмайды екен. Өйткенi, оған тапсырыс та, өткiзетiн орын да жоқ. Қой жүнiн де ешкiм керек етпейдi. Осы орайда, әр аудан орталығы мен Шымкент қаласынан сүт сататын дүкендер ашылса деген ой келедi. Сонда тұрғындар шетелден келетiн химиялық қоспасы бар ағарғанды емес, таза, құнарлы өнiмдi пайдаланар едi. Олай дейтiнiмiз, тұтынушылар базарларда қолдан айран мен сүттi сатып алып жатады. Көп қабатты үйлердiң алдына барып сататындар да кездеседi. Оның сау әлде ауру малдан сауылып жатқанын ешкiм тексерiп жатқан жоқ. Ал, дүкенде сатылатын сүт пен айранды арнайы мамандар тексерiп отырар едi. Мұны iске асыру онша қиын жұмыс емес. Тек ниет болса...

Базаргүл ҚАЛБЫР. Ордабасы ауданы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572