Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2980 0 пікір 27 Қазан, 2016 сағат 10:30

ОҚО әкімі этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен кездесті

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдары басшыларымен және облыстық  этномәдени бірлестіктерінің төрағаларымен кездесу жиыны өтті.

Өңірдегі мемлекеттік этносаясаттың жүргізілу барысымен танысып, қатысушылардың  ұсыныс, пікірлерін тыңдаған аймақ басшысы алдағы кезеңдерде облыстың өсіп-өркендеуі жолындағы жұмыстарды бірлесе жүзеге асыру жайын айтты.

«Әрбір этнос біздің байлығымыз. Қазақстан халқы Ассамблеясы осы қазынаның қорғаны. Аталған ұйымның жұмысын шетелдерден келіп үйреніп, тәжірибе алмасып, өз пайдаларына  жаратып жатқан мемлекеттер бар. Қиын қыстау кезеңде қазақ халқы жер аударып келген түрлі этностарды бауырына басты. Бүгінде біз бір ел – бір халық болып, бір мақсатта жұмыс атқарып келеміз»,-деді Ж.Түймебаев.

Жиын барысында Төраға орынбасары биылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚХА енгізілген  жаңа функционалдық бағыттар бойынша яғни, қайырымдылықты үйлестіру,  қоғамдық келісім кеңестері мен аналар кеңестерінің қызметі және медиация желісін дамыту бағытындағы атқарылған жұмыстарды баяндады.

«Ассамблея филиалдарын аудандардан ашу алғаш Оңтүстікте қолға алынды. Бүгінде бұл жұмыстың тиімділігін ескерген ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығы оңтүстікқазақстандық тәжірибені республиканың басқа өңірлерне енгізе бастады», - деді М.Қалмұратов.

Сонымен қатар, кездесуде бірқатар этномәдени бірлестіктердің  төрағалары қазақстандық біртектілікті қалыптастыру сынды асыл міндетті іске асыруда жеткен жетістіктері мен оны әрі қарай дамыту бойынша атқарылатын жұмыстарды мәлімдеді. 

Бүгінде ұлысымыздың ұйытқысы атанған Оңтүстік өңірінде 100-ден астам түрлі этнос өкілдері өмір сүреді. Ал облыста 20 этномәдени бірлестігі жұмыс жасайды. Олардың аудандар мен қалаларда 51 филиалы мен 17 жастар қанаты, 11 жексенбілік мектептері бар. Өңірде жыл сайын әр этномәдени бірлестік өзінің тілі, мәдениеті және дәстүрі күндерін атап өтуде.  Сонымен қатар, белсенді этнос өкілдері жыл сайын облыс әкімінің «Бауырмал» сыйлығымен марапатталуда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592