Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3236 0 пікір 26 Қазан, 2016 сағат 23:01

Жылдың үздiк астық өндiрушiсi - «Толықбек» ЖШС

Бәйдiбек ауданында ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай iс-шара өтiп, онда барлық сала бойынша жыл үздiктерi анықталды, толайым табысқа қол жеткiзген еңбек адамдары марапатталды. Мысалы, елдi мекендердi көркейту, көрiктендiру бойынша өзгелерден оқ бойы озып шыққан Көктерек ауылдық округi (ауыл әкiмi Нұрлан Бекжiгiтов) «Жылдың үздiк ауылдық округi» аталымы бойынша жүлдеге ие болды.

«Жылдың үздiк астық өндiрушiсi» аталымы бойынша Алмалы ауылдық округiндегi «Толықбек» ЖШС-нiң төрағасы Асқар Ахатаев марапатталды. Айта кету керек, ол 1946 гектарға бидай егiп, гектарынан 22 центнерден өнiм жинаған. Ал, «Жылдың үздiк ауласы» аталымына Боралдай ауылының тұрғыны Аруар Ашрафи ие болса, «Жылдың үздiк көшесi» аталымына Қошқарата ауылындағы Әсiлбек Бектiбаев көшесi лайық деп табылды.

Айта кетейік, Үкіметтің жергілікті жерлерде агрокешендерді дамыту бағдарламасы аясында өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында жалпы құны 450 миллион теңге, қуаттылығы 10 мың тонна өнім қабылдауға қауқарлы кәсіпорын ашылған-ды. Бұл ауданда жүгері дақылын сонау 1990 жылдардағы көлемге жеткізу және жүгері кластерін дамыту бойынша жұмыстар атқаруға молынан мүмкіндік ашқан болатын. Осы салтанатты жиында аудан әкімі С.Полатов 2020 жылға дейін жүгері алқабын 15 мың гектарға жеткізу жөніндегі іс-шара жоспары бекітілгенін айтқан еді. міне, осы жоспарды іске асыру биылғы жылдан басталып кетті. Осы жылы диқандар аудан брендіне айналған дақыл түрін 7 мың гектарға егіп, гектарынан 120 центнерден өнім алынды. Бұрындары шаруалар жинаған өнімін кептіре алмай, жаздай еткен еңбегі зая кететін. Енді шаруаларға өнімдерін ысырапсыз жинап алуына мүмкіндік туды.

Ж.ШАЛАБАЕВА.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5602