Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3986 0 пікір 26 Қазан, 2016 сағат 13:53

Шардарада кептірілген сүт өндірілмек

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданында жеке кәсіпкер Ә.Бектасовтың сүт өңдеу зауытын ашу туралы жобасы жұрттың қызығушылығын тудырды. Өйткені, ол құрғақ сүт өндiрудi жолға қоймақ. Статистикалық мәлiметтерге сүйенер болсақ, елімізде құрғақ сүтке деген сұраныс жылына 15 мың тонна болса, оның 3 тоннасы ғана өзiмiзде өндiрiледi екен. Демек, бұл тауар түріне деген сұранысты қанағаттандыру үшін бұл салада әлі көп еңбек ету керек деген сөз. Жалып, елімізде қазір жылына 5 миллион тоннаға жуық сүт сауылса, оның 22 мың тоннасы экспортталады.

- Өңірде табиғи сүт жоқ емес, бар. Бiрақ оны жинап, кәсiпорынға жеткiзу жағы жүйеленбеген. Мәселен, Еуропа елдерiнде сүт қабылдау пункттерiнiң ең ұзағы 50 шақырым. Ал, бiзде сүттi өткiзу үшiн кемiнде 300 шақырымды артқа тастауға тура келедi. Бұл — тиiмсiз. Бiрiншiден, жол шығыны көп болса, екіншіден, күн ыстықта ұзақ жолда сүт бұзылады. Ал, бiздiң кәсiпорын тұрақты жұмыс iстесе, шардаралықтардың қорасындағы сиырынан сауылған сүт қайта өнделiп, бүкiл республикаға тарайды» дейдi кәсіпорын басшысы Ә.Бектасов. Міне, жаңаша істі қолға алған жеке кәсіпкер осындай ауқымды жобаны іске асыру арқылы өзінің кәсібін өркендетуді жоспарласа, бір жағынан жерлестеріне тұрақты жұмыс көзін тауып бермек. Сондай-ақ, сиыр баққандардың сүтін теңгеге айналдыруға мүмкіндік жасамақ. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1093
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2638
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 765
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 730