Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3150 0 пікір 26 Қазан, 2016 сағат 13:51

Созақта мал басы көбейіп келеді

Кеңес Одағы тұсында мыңғырған малымен, әсіресе ұсақ мал басының көптігімен ерекшеленген Созақ ауданында осы саладағы артықшылықтарға қайта қол жеткізуге талпыныс жасалуда.

Одақ тарқағаннан бергі мал басына қатысты статистикаға назар аударар болсақ үлкен айырмашылықты аңғаруға болады. Мәселен, ауданда 1991 жылы ірі қара мал саны 7273 бас болса, бүгінде 27 374-ке жеткен.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қой-ешкі саны 618 367 болса, небәрі бес жыл ішінде 191 мыңға дейін күрт азайған. Оның дені бартердің «құрбаны болды. Қазір ұсақ мал саны қайта 254 753 басқа жетті. Сол секілді жылқы малы да 16 998-ден 6898-ге кеміп, бүгінде 10 526-ға көтерілді. 14 745 бас болған түйе саны да тең жартысына дейін төмендеп барып қайта 10 526-ға жетті.

Аудандағы уақ малдың еті әлемдегі ең сапалы ет ретінде ерекшеленеді. Оған дәлел ретінде осыдан біраз уақыт бұрын Біріккен Араб әмірліктерінен келген мамандар Созақтағы уақ малдардан бірнеше рет сараптама алып, еті өте сапалы деген қорытындыға келгенін айтуға болады. Алдағы уақытта да арабтар Созақ ауданынан ұдайы қой сатып алып тұратындарын айтқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5604