Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3486 0 пікір 26 Қазан, 2016 сағат 13:48

«Нұр Отан» кәсіпкерлерді әрқашан қолдайды

«Нұр Отан» партиясының ОҚО филиалы кәсiпкерлiктi қолдау қоғамдық кеңесiнiң мүшелерi Ордабасы ауданындағы «Ордабасы құс» ЖШС-iнде болып, «Бизнестiң жол картасы–2020» бағдарламасын насихаттауға арналған кездесу ұйымдастырды. Серiктестiк ғимаратында өткен басқосуға аудандық кәсiпкерлiк бөлiмi, ОҚО «Атамекен» кәсiпкерлердi қолдау палатасы және кәсiпкерлiктi қолдау орталығының қызметкерлерi қатысты.

«Ордабасы құс» компаниясының басшысы Мұрат Тағаев елiмiздiң үдемелi индустриялық-инновациялық жобасы арқылы жүзеге асып жатқан күркетауық құс кешенiнiң бүгiнгi жеткен жетiстiктерi туралы жан-жақты айтып берді. «Бизнестiң жол картасы–2020» бағдарламасы аясында мемлекет қолдауының шарапатын көрген компания бүгiнде жылына 10 мың тоннаға дейiн күркетауық етiн өндiрумен қатар, алыс-жақын шетелдерге де өнімдерін шығаруда. Компания басшысы жиналғандарға елiмiзде кәсiпкерлiкке жан-жақты қолдау бар екенiн, жасқанбай жұмыс iстеуге болатынын айтып өттi. Аудандық кәсiпкерлiк бөлiмiнiң басшысы П.Ташимова бизнестi дамыту бойынша кешендi шаралар жүргiзiлiп жатқанын жеткiздi. Ауданда аталмыш бағдарлама аясында жыл басынан берi жалпы құны 6 млрд. 362 млн. теңгенi құрайтын 7 жоба мақұлданыпты.

–Бизнестi қолдауға бағытталған елiмiзде көптеген бағдарлама бар. Бiрақ бұл жөнiнде көпшiлiк бiле бермейдi. Бiз жас кәсiпкерлерге қолайлы және ұтымды жолдарын таңдауға көмектесемiз. Олардың бағдарлама аясында банктен алған несиесiнiң пайыздық мөлшерлемесiн субсидиялай алатынын айтамыз, – дейдi П.Ташимова.

Басқосуда бұдан бөлек, аудандық кәсiпкерлердi қолдау орталығының директоры Т. Балабаев «Нұр Отан» партиясының қолдауымен бiрқатар шаралардың атқарылып жатқанын тiлге тиек еттi. Сондай-ақ, кездесуде ұжым мүшелерi орта және шағын бизнестi қолдауға байланысты ақпараттармен қамтылып, өздерiн қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 991
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2536
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 696
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 668