ӘЗІМБАЙ ҒАЛИ. ПУТИН «НАСЫБАЙ» МА?
Мен бұл саммит туралы бірнеше рет оқыдым. Обаманың төмендегі айтқанын Ютубтен көрдім, текстін оқыдым, сенбедім, тағы да қарадым, ағылышыншасын оқыдым, өзіме сенбей гуглмен тағы аудардым, тағы да сенбедім, Путинге жаным ашыды, аядым.[1]
Саммит «Большой двадцатки» закончился внезапно, когда Обама назвал Путина придурком, – дейді 5-6 қыркүйектегі баспасөз («Үлкен жиырмалықтың» жиыны Обама Путинді «ақымақ» деп атаған кезде кенеттен тоқтады). Бірақ бұл толық шындық емес еді. Масқара келесі сөздерде: оларды тым өрескел деп көп баспасөз берген жоқ еді. Обама Путинді неге және қалай қорлады?
If you think I’m the only one who feels this way, you’re kidding yourself,” Mr. Obama said, jabbing his finger in the direction of the Russian President’s face. “Ask Angela Merkel. Ask David Cameron. Ask the Turkish guy. Every last one of them thinks you’re a dick.
Орысша ресми аудармада: «Послушай, я не говорю сейчас о Сноудене и Сирии, – сказал Обама. – Как насчет «Пусси Райот»? Как насчет антигейских законов? Это все подвижки тотального осла, друг мой». Если вы думаете, что я единственный, кто чувствует себя таким образом, вы шутите сами, "сказал г-н Обама, тыча пальцем чуть ли не в лицо российскому президенту. "Спросите Ангела Меркель. Спросите Дэвида Кэмерона. Спросите турецкого парня. Каждый последний из них думает, что ты хуй.
Соңғы сөздердің әзер баспасөздегі аудармасын таптым. Қазақшасы былай:
- Сіз бұл пікір тек менің ғана ойым деп ойламаңыз, - Обама Ресей президентінің көзіне сұқ саусағын қадап тұрып былай деді: "Ангела Меркельден сұраңыз. Дэвид Кэмероннан сұраңыз. Түрік жігітінен (Ердоғанды айтады. – Ә.Ғ. ) сұраңыз. Соңғы жігіт сізді насыбайға теңейді".
Аудармашылар Путинді аяғандықтан бұл сұмдық сөздерді оған сөзбе сөз жеткізбеген сияқты, әйтпесе, дзюдошы Путин арық, ұзын тұра Обаманы алып соғуы ықтимал еді.
Обама – Нобель сыйлығының лауреаты, бүгінгі замандағы әлемедегі басты ойшылдардың арасында көш басшысы десе де болады. Обама соңғы уақытқа дейін Ресеймен бейбіт қатар өмір сүру керек деп, жанын аямай жүрген болатын. Сөйтіп ол АҚШ-тағы көптеген эксперттер мен саясатшыларға қарсы шығып еді. Енді, міне, бейбітшіл Обама райынан қайтты. Енді ол Ресейге қарсы санкцияларды күшейту керек дейді. «Ойлана, толғана келе менің тұжырымым былай болды: бәрін бұзып келе жатқан Путиннің өзі сияқты.[2] Ол іс жүзінде екінші қырғи қабақ соғысын бастады», – дейді Обама.
Бірінші қырғи қабақ соғысы КСРО-ның күйреуімен аяқталған болатын. Сол оқиғалардан кейін бір қатар ел, соның ішінде Қазақстан өзінің мемлекеттілігін қайта қалпына келтірді. Қазақстан жаңадан пайда болған мемлекет емес. Біз ХҮ ғасырда мемлекетімізді орнатып, ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда өлкелік держава статусын иеленіп, ХІХ ғасырда дағадарысқа ұшырап, тек ХХ ғасырда ғана тәуелсіздігімізден айырылып отар болған едік. Ендігі екінші қырғи қабақ соғыста Ресей тағы да бүк түсіп жеңілетін түрі бар. Олай болса, Ресей тағы да бөліске түседі. Ал, бізге сол бөлістен Ресейден еншімізді алмақ түгіл еліміздің іргесін аман-есен сақтап қалу – үлкен мұрат болмақ. Бірақ бұл жағдайда біз енді Ресейден аулақтай бастаймыз, тілімізді көршінің көңілі мен қоқан- лоққысына қарамай, Конституциялық мәртебесіне лайық тіл етеміз. Ресей деген «изгой» мемлекеттің тағдыры аянышты болып аяқталады. Мен оған бек сенімдімін.
.............................................................................
Шағын мақалада пайдаланған дерек көздері:
1. Саммит «Большой двадцатки» закончился внезапно, когда Обама назвал Путина придурком 05.09.2016 Энди Боровиц (Andy Borowitz); http://censoru.net/13063-vse-zdes-schitayut-chto-vy-priduro….; Obama Calls Putin a Jackass - Over gay rights and Comet ISON @ G-20 Summit
2. Азимбай Гали Господа, мир в состоянии «холодной войны 14 ноября 2015 i-news.kz; А.Гали Итоги Первой мировой "Холодной войны". Начало Второй мировой "Холодной войны": битва за Украину 08.02.2014.centrasia.ru
Abai.kz