Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2609 0 пікір 25 Қазан, 2016 сағат 23:08

Ерен еңбектiң үлгiсiн көрсетуде

Ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы қарсаңында сайрамдық диқандар астық, көкөнiс, бақша дақылдарын өсiруде ерен еңбектiң үлгiсiн көрсетуде. Мәселен, биыл аудан бойынша 2500 гектарға жемiс-жидек өсiрiлсе, бүгiнге дейiн 18800 тонна өнiм жинап, жоспарды 125 пайызға орындады.

Бұл туралы "Abai.kz" порталы ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Сонымен қатар, 1175 гектарға жүзiм өсiрiлiп, 7600 тонна өнiм жиналды. Картоптан 52800 тонна өнiм алынып, меже бағындырылды. Көкөнiс өсiрушiлер де ерлеп тұр. Биыл 115000 тонна көкөнiс жинау жоспарланса, қазiрге дейiн бұл көрсеткiш 107 540 тоннаны құрады.

Қыстың қамын жазда ойлаған ауданның малшылары да жем-шөптiң мол қорын жасақтады. Яғни, жоңышқа, табиғи шөп, сабан, пiшен қажеттi көлемде әзiрлендi. Нақтылай айтқанда, 291 тонна мал азығы дайындалды. Биыл мақсары еккен диқандар үшiн берекелi жыл болды. Майлы дақылдың әр гектарынан 9,3 центнерден өнiм жиналып, жоспардың орындалуы 92 пайызға жеттi. Қазiр ауданда күздiк жер жырту науқаны жүруде. Биыл 17 500 гектар жер жыртылуға тиiс болса, қазiрге дейiн 13 200 гектар күздiк жер айдалып бiттi. Күзгi науқандық жұмыстар әлi жалғасуда.

Ахметжан БЕРДIҚҰЛОВ. Сайрам ауданы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5636