Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2425 0 пікір 24 Қазан, 2016 сағат 23:25

Жайылымнын жайы

Елiмiздiң алдында тұрған өзектi мәселелердiң бiрегейi – ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту негiзiнде халқымыздың азық-түлiк қауiпсiздiгiн нығайту, өндiрiс салаларын шикiзатпен қамтамасыз ету, еңбеккерлердiң әл-ауқаты мен тұрмысын жақсарту. Бұл мәселелердi шешуде мал шаруашылығының алар орны ерекше.

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаев 2012 жылы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қой шаруашылығын, сондай-ақ, жем-азық өндiрiсi мен шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту жөнiндегi бағдарламаларды жасауды қамтамасыз етудi тапсыра отырып, «Бiз әлемдiк деңгейдегi мал шаруашылығының жем-шөп базасын құру үшiн үлкен әлеуетке иемiз» деп атап көрсеттi.

Оңтүстiк Қазақстан облысы мал шаруашылығы қарқынды дамып келе жатқан өңiрдiң бiрiне жатады. 2016 жылдың 1 қаңтарындағы мәлiмет бойынша облыс аумағында 1038607 iрi қара, 4600101 қой, 262035 жылқы, 25856 түйе өсiрiлуде.

Мал шаруашылығының шүйгiн шөпке деген қажеттiлiгiнiң 70-80 пайызын қанағаттандыратын жайылым көлемi 8,9 млн. гектардан астам жердi құрап отыр. Оның 2,7 млн. гектары ауыл шаруашылығы мақсатында, яғни 1058,8 мың гектарын кәсiпорындар, 1600,6 мың гектарын фермерлiк және шаруа қожалықтары пайдалануда. Атап өтерлiк жағдай, жұртшылық шаруашылығындағы жайылым көлемi – 582,2 мың гектар.

Келтiрiлген мәлiметтер облыстағы мал шаруашылығының негiзгi жем-шөп қорының көзi – табиғи жайылымдардың аз жердi алып жатпағанын көрсетедi. Әйткенмен, облыстың шөлдi аймағында төрт түлiк малды жем-шөппен қамтамасыз ету күрделi мәселе күйiнде қалып отыр. Бұл аймақтағы табиғи жайылымдардың ашық жатуы, күштi өкпек желдердiң жиi соғатыны, табиғи су көздерiнiң тапшылығы, ауа райының тұрақсыз және құрғақ болуы жайылым шығымдылығы мен сапасының түрлiше болуына әсерiн тигiзбей қоймайды. Оның үстiне кейiнгi жылдары жайылымды тиiмдi пайдаланбау, сақтау мен пайдалану арасындағы теңестiрiлген қатынасты сақтамау, сонымен қатар iрiлi-майда елдi мекендердiң айналасындағы өрiстердi шектен тыс пайдалану жайылымдық алқаптардың әртүрлi сатыдағы азып-тозуына және пайдалы өсiмдiктер дүниесiнiң сиреуiне әкелiп соқтырып отырғаны белгiлi. Мұндай азып-тозған жер көлемi облыс бойынша 1,3 млн. гектарға жеткен.

Осыған байланысты Оңтүстiк – Батыс мал және өсiмдiк шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары шөлдi аймақтың жем-шөп шаруашылығын дамыту бағытында жұмыстар жүргiзiп келедi. Солардың iшiндегi ең бастысы табиғи жайылымдарды тиiмдi пайдалануды жетiлдiру, өнiмдiлiгi төмен және тозған жайылымдардың шығымдылығын көтеру, қуаңшылыққа төзiмдi мал азығы дақылдарының тұқымын өндiрудi ұлғайтуға бағытталған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3269
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5650