Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 4550 0 пікір 24 Қазан, 2016 сағат 08:33

ОРАМАЛ ЗАҢҒА ҚАЙШЫ БОЛСА, ЗАҢДЫ ӨЗГЕРТУ КЕРЕК

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы ағамыздың назарына! 

Осы елдің азаматы бола тұра орамал мәселесінде үндемей отырғанымыз жарамас. "Ұлттық киімдерді қасақана жоюға, халық санасынан өшіруге бағытталған арнайы үдерістердің болғаны қазір жасырын емес. Осы себептерден даланың гүліндей құлпырған ұлттық киімдеріміз қолданыстан қала берді.

Қазақ киімдерінің көпшілігі қасиетті дініміздің талаптарына сай келеді деуге толық негіз бар. Бүгінде қазақтың көзқарасы, дүниетанымы көз алдымызда өзгеріп барады. Мысалы, қазір бөксесі мен омырауын көрсетіп, қысқа етек-жең киіп, ашық-шашық жүргендерге біз реніш көзімен қарамайтын болғанбыз. Қоғамның еті оған әбден үйренген. Тіпті бұлай киінуді мәдениеттіліктің нышаны секілді көретін болдық. Ал, керісінше, ұятқа, ар-намысына, иманына берік болып, өз денесін бөгде еркектерге көрсетпей, қымтап киінген қыздарға үрке қарайтын дәрежеге жеттік. Ақиқатына келгенде, адам баласының табиғаты, әсіресе, әйел затының жаратылысы әу бастан ұят пен әдепке құрылған. Сонау Адам атамыз бен Хауа анамыздың дәуірінде де денені жауып киіну дәстүрі болған. Қасиетті Құран кәрімде мұны дәлелдейтін анық аяттар бар...".

Бір кездері Әбдісаттар қажы Дербісәлі ақсақалымыз осылай деген еді. Иә, мектептегі балиғатқа толмаған қыз балалардың жайы түсінікті. Алайда бұл мәселе мұнымен бітпейді. Сондықтан да мейлі ол мұсылман болсын, христиан болсын, Тәуелсіз еліміздің азаматтарының құқы тең дәрежеде ескерілуі тиіс деп ойлаймын. Дәл осы мәселеде асыл дінімізге қатысы жоқ оқиғаларды пайдаланып, қолдан дау жасап отырған топтар болуы да мүмкін. Біріншіден, арандап қалмайық. Екіншіден, мектепте орамал тағу заңға қайшы болса, ол заңды өзгертуге болатынын да ұмытпалық. Себебі біз әлдебір мемлекеттің қоластындағы бодан жұрт емеспіз. Өз елімізде, өзіміздің ата-бабаларымыздан қалған жерде өмір сүріп жатырмыз. "Әлхамдулиллә, алты миллион қазақпыз!" деген (Ахмет Байтұрсын) текті ұлттың ұрпағымыз! Осы жағдай себепті Қазақстан мұсылмандары Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлынан батыл да, дана шешім күтеді деп білемін. Бас мүфтиімізбен біргеміз, айтқанын әр уақыт қолдаймыз! Сізден соңғы жаңалықтар себепті өз пікіріңізді білдіруіңізді сұраймыз.

Азамат Битан

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5662