Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
46 - сөз 4315 0 пікір 24 Қазан, 2016 сағат 08:29

САҒАДИЕВ ДИАЛОГТАН НЕГЕ ҚАШТЫ?

Бүгін, 22-қазан күні Алматыда «Астана» отеліне жиналған жұрт «үш тұғырлы тіл» бағдарламасын талқылау үшін осы жиынға қатыспақ пейілін білдірген ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті кәдімгідей күтті. Жанболат Мамай министрдің келмейтінін хабарлағанда ведомствоның халықпен диалогқа құлықсыз екендігіне тағы да көз жеткіздік. Министрліктен осы жиынға қатысу туралы бірде бір шенеунікке тапсырма берілмеген. Тек амал жасап, 26-қазанда Астанада өтетін дөңгелек үстелге шақырыпты. Қазіргідей қаржылық қиыншылық жағдайында оған кім барады?

Білім саласының жанашырлары, мамандар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері министр келмесе де үш сағатқа жуық «үш тұғырлы тіл» бағдарламасының мүмкіндігі мен кемістіктерін талқылады. М.Шаханов, Қ.Жұмаділов, Д.Көшім, Ш.Құрманбаев, М.Тоқашбаев, М.Мырзахметов, М.Кенжебай, Толғанай қарындасымыз бен осы тақырыпта сөйлеген басқа қоғамдық жұртшылық өкілдері «үш тұғырлы тілдің» антиқазақтық сипатын ашып берді. Білім саласы мен экономикасы қатар жетік дамыған әлемнің 20 елінің бірде бірінде үш тілділік тәжірибесі жоқ екен. Ғылыми зерттеулер жүргізілмеген. Жүйелілік мәселесін ешкім көтермейді. Конференцияға қатысушылар Үкімет пен министрлік атына «үш тұғырлы тіл» сияқты халыққа зиянды жобаны дереу тоқтатуға шақырған Үндеу хат қабылдады.

Марат Тоқашбаев

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1028
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2576
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 718
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 681