Жұма, 2 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3348 0 пікір 23 Қазан, 2016 сағат 23:23

Болат Әбіловтің зайыбы дүние салды

Кәсіпкер, есім-сойы елге мәлім азамат Болат Әбіловтің зайыбы - Айгүл ауыр науқастан қайтыс болды. Әлеуметтік желілерде кәсіпкердің достары, жүз таныс жандар тегіс қайғырып көңіл айтуда. Көңіл айтушылардың арасында Болаттың досы Ермұрат Бапи былай деп жазды:

Қайран, Айгүл! 

Талай дәм-тұздас болған, жан-жүрегі жұп-жұмсақ тамаша адам еді. Биылғы жаздың басында жүрегі қанжылап, Болат айтқан еді: ем-дом дәру болады деген біраз жерге апардым деп. Ақыры болмаған екен... Бүгін Айгүлдің сүйегі Цюрихтен (Швейцария) өзінің мәңгілік мекені - Алматысына жеткізілді...
Ажалға амал нешік? Артында қалғандарға қайыр-берекесін берсін! Болат досыма қайғырып көңіл айтам: тас-түйін жігіт едің, берік бол, брат!

........................................
Әбіловтер отбасына, Болаттың өзіне, тума-туыстары мен балаларына біз де қайғырып көңіл айтамыз. Марқұмның жаны жәннатта болсын! Бекем бол, Бөке!
abai.kz порталының ұжымы

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 291
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 307
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 280