Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2575 0 пікір 22 Қазан, 2016 сағат 00:00

Түрмедегілер саны бес есе азайды

ҚР Ішкі істер министрі Қ.Н. Қасымовтың төрағалық етуімен орталық аппараттың және комитеттің, өңірлердегі қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің басшылық құрамының қатысуымен кезекті алқа мәжілісі өтті.

Күн тәртібіндегі негізгі сұрақ ҚР ІІМ қылмыстық атқару жүйесінің ағымдағы жылдың 9 айында атқарған жұмыстарын талқылап, болашақ міндеттерді сөз етті.

«Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру және соттың адамның бас бостандығын шектемей жаза қолдануының нәтижесінде бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдар саны азайып келеді. Мәселен, ағымдағы жылы олардың саны 17 пайызға, ал соңғы 5 жылда 30 пайыздан пайыздан астам қысқарды»,-делінген ІІМ баспасөз қызметі таратқан ақпараттарда.

Қазіргі уақытта ішкі істер органдарының пробациялық бақылауында шамамен 22,5 мың адам есепте тұр (2015 ж.-12,3). Оларға арнап 30 797 жеке бағдарлама құрылды. Оның нәтижесінде 4 мың сотталған жұмысқа тұрып, 10 108 сотталғанға медициналық көмек көрсетілді, 188-і білім алды. Пробация қызметінде есепте тұратын адамдардың қайталап қылмыс жасауы 7 пайызға төмендеді.

ІІМ «Электрондық бақылау жүйесін құру» Мемлекеттік-жеке меншік серіктестігі тұжырымдамасын әзірледі, ол сотталғандардың тұрған жері мен олардың іс-әрекеттерін бақылауға мониторинг жүргізеді.

Қазіргі уақытта еліміздің Парламент депутаттары «Пробация туралы», «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заң жобасы қарастыруда.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 104 оқу орны бар. Ағымдағы оқу жылында 1,2 мыңнан астам сотталған аттестат пен орта білім алу туралы куәлік алды. 3 мыңға жуық адам әртүрлі жұмысшы мамандықтары бойынша оқытылды.

Алқа мәжілісі барысында сотталғандардың жұмыспен қамтылуының артқандығы туралы аталып өтті. Тігін өнімдері, құрылыс дүкендері, металл және ағаш өңдеу, ауыл шаруашылығына арналған, азық түлік және мал шаруашылығы өнімдері жолға қойылды. Ағымдағы жылы 5 жаңа өндіріс түрі игерілді.

Алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша министрліктің орталық аппараты және өңірлік департаменттердің қызмет басшыларына қарастырылып отырған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5678