Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2540 0 пікір 21 Қазан, 2016 сағат 13:44

Атамбаев тікұшақ апатына байланысты Мирзиеевке көңіл айтты

Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев Өзбекстан президенті міндетін атқарушы Шавкат Мирзиеевке тікұшақ апатына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

"Қырғыз Республикасы халқының және өзімнің атымнан апаттан қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын", - делінген президенттің жеделхатында.

Өзбекстан мемлекеттік баспасөзінің хабарлауынша, әскери Ми-171 тікұшағы 18 қазанда Қырғызстанмен шекарада апатқа ұшырады, соның салдарынан тоғыз адам қаза тапты, олардың алтауы - әскер қызметкерлері, үшеуі - экипаж мүшесі.

Елдің қорғаныс министрлігі әуе апатын "жазатайым оқиға" деп сипаттады.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1501
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3272
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5686