Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3311 0 пікір 21 Қазан, 2016 сағат 13:43

Тәжікстаның оңтүстігінде жыл басынан бері 160 кәсіпорын жабылды

2016 жылдың тоғыз айында Хатлон облысында 160 шағын және орта кәсіпорын жабылды. Оған экономикалық дағдарыс, сұраныс пен шикізаттың жоқтығы себеп болды.

Ресми мәлімет бойынша, Хатлон облысында 557 өндірістік кәсіпорын тіркелген, жыл басынан бері солардың 161-і жұмыс істеген жоқ, ал 146 кәсіпорын өндіріс көлемін азайтты.

Хатлон облысы әкімшілігінің өндірістік бөлімінің басшысы Шавкат Махмадәлиевтің айтуынша, мұндай теріс көрсеткіштерге қарамастан, басқа да 250 кәсіпорын өндіріс көлемін 318 миллион сомониге ұлғайтқан.

Аймақта шағын мақта тазалағыш кәсіпорындар мен ірі мақта зауыттары, тоқыма кәсіпорындары толыққанды жұмыс істей алмаған.

Ресми мәлімет бойынша, жұмысы тоқтаған кәсіпорындардың көбі ресми мерекелер қарсаңында жоғары лауазымды шенеуніктердің қатысуымен ашылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1222
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2751
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 879
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 831