Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3412 0 пікір 20 Қазан, 2016 сағат 15:59

ОҚО-да "Көлік, логистика және инфрақұрылым" халықаралық көрме өтуде

Шымкентте "Көлік, логистика және инфрақұрылым" - "Silk Way Transport, Logistics Infrastructure" атты II халықаралық көрмесі басталды. Шараны ОҚО кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Марат Қарабаев пен "Көлік-логистикалық аумағы" басқарушы компаниясы" ЖШС бас директорының орынбасары Марат Телғозы ашты.

Бұл көрмеде көлік және логистикалық компаниялар өздерінің қызметтері мен жабдықтарын ұсынып, өзара тәжірибе алмасуда. Олардың ішінде Nimex-Trans, CK Logistics, Giansar, Алем Тат, STI Logistics, Elite Logistics, Спец-Авто, K2 - Кранпоставка, Transasia Systems KZ, Instar Logistics,  Камаз Евро Сервис, Omega Story Group Logisoft, Казахстан Логистик Групп, Зерде ҒӨБ, Евротранзиттерминал, Continental Logistics, Scat, Стеллажи.KZ, Союзтранслинк және басқа компаниялар бар.

Шара аясында Оңтүстік Қазақстан облысының өкілдерінің және көлік кәсіпорындары басшыларының қатысуымен өңірдің көлік әлеуетін дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Шараның қатысушылары көлік инфрақұрылымын дамытудың жоспарларымен және Оңтүстік Қазақстан облысында көлік-логистикалық аумағын салудың болашағымен танысады.

ОҚО аумағында бірнеше индустриялық және көлік-логистикалық аумағы жұмыс істейді. Сондай-ақ "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автокөлік дәлізі де бұл саланың дамуын ілгерілетеді.

Болашақта Шымкент қаласы жоғары технологиялық және экспортқа бағытталған өнімді шығаруға мамандандырылған Қазақстанның ірі өнеркәсіп орталығына айналатынына сенімді ұйымдастырушылар. Халықаралық қөрме екі күнге жалғасады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1503
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3277
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5719