Сенбі, 3 Мамыр 2025
Жаңалықтар 2782 0 пікір 20 Қазан, 2016 сағат 13:45

Тiлдердi оқыту орталығының оңды істері

Шымкент қалалық тiлдердi оқыту орталығында қазақ тiлiн үйренумен қатар, іс-қағаздарын мемлекеттік тілде сауатты жазуды меңгеруде. Әсіресе өзге ұлт өкілдері арасында күннен –күнге қызығушылықпен бірге жұмыс барысында қажеттілік туындағандықтан келушілер қарасы артуда. 

Виталий Говриленко облыстық эндокринологиялық диспансердiң физиотерапия бөлiмiнiң дәрiгерi. Ұлты – украин. Шымкент қаласына қарасты Жаңаталап елдi мекенiнде туылған ол, қарадомалақтармен бірге ойнап өскенiмен, қазақша еркiн сөйлей алмайтын. Бүгiнде Шымкент қалалық тiлдердi оқыту орталығында мемлекеттiк тiлдi үйренуде.

– Қазақ тiлiн жұмысқа қажеттiлiктен оқып жүрмiн. Медициналық орталыққа көбiне ауыл қариялары келедi. Оларға диагноз, емдiк шараларын түсiндiру үшiн қазақша бiлуiм керек, – дейдi ол.  Ал, кәрiс қызы Алена Тен,  қазақша оқуды алғаш Алматыда бастаған екен. Қазақ жiгiтiмен тұрмыс құрып, Шымкентке көшiп келгеннен кейiн де оқуын жалғастыруда. Жақында Виталий мен Алена оқып жүрген топтағы мемлекеттiк қызметкерлер емтихан тапсырды. Бұл шара «Мемлекеттiк тiл – тәуелсiздiк тiрегi» ашық есiк күнi аясында арнайы ұйымдастырылды.

– Өзге ұлт өкiлдерiнiң мемлекеттiк тiлдi бiлуi күнделiктi қажеттiлiкке айналды. Әсiресе, iс-қағаздарын қазақша толтыру үшін арнайы курстан өтуi тиiс. Бiзге келушiлердiң басым бөлiгi қазақ тiлiн осы мақсатта оқиды, – дейдi орталық мамандары

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 788
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 916
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 879