Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2595 0 пікір 20 Қазан, 2016 сағат 10:15

ОҚО әкімі түрік кәсіпкерлерімен кездесті

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев түркиялық «Эксперт пейзаж» компаниясының жетекшісі Билал Тарик Дедемен кездесті. Басқосуға облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев пен аталған түрік компаниясының өкілі Алабажак Чинан қатысты.

Екеуара әңгімеде тараптар бауырлас елдердің түрлі салалардағы ынтымақтастық жұмыстарын сөз етіп, алдағы уақытта да бұл үрдістен жаңылмауға уағдаласты. Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық әлеуетімен танысқан қонақтар облыс жетекшілігіне абаттандыру жұмыстарымен айналысатын «Эксперт пейзаж» компаниясының ландшафтты дизайн қызметін ұсынды.

Өз кезегінде, өңір басшысы аталған ұсынысты оң қабылдап, компанияның қызметін облыстағы көріктендіру жұмыстарына пайдалану үшін облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы мен облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасына туризмді дамыту бағыты бойынша тиісті ұсыныс енгізуді жүктеді.

Айта кетейік, «Эксперт пейзаж» компаниясы Түркияның Анталия қаласындағы абаттандыру жұмыстарының 40 пайызын жасап келе жатқан белді серіктестік.

ОҚО-да жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге атсалысып жүрген мемлекеттік қызметкерлер марапатталды

Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен ОҚО әкімдігінде жастар мен өзінің әскери борышын өтеп жатқан жауынгерлерді эскери-патриоттық тәрбиелеуге атсалысып жүрген мемлекеттік қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті. Жиынға ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік құқығы жөніндегі орынбасары Сабыржан Сүлейменов пен 6506 әскери бөлімінің командирі Жамбыл Қульбаев және аталған саланың өзге де қызметкерлері қатысты.

Басқосуда С.Сүлейменов аймақ басшысына мерейтойлық медаль табыстады. Өз кезегінде, жасалған жоғары құрмет үшін өңір басшысы қонақтарға алғысын білдіріп, Тәуелсіз елдің ең басты қажеттіліктерінің бірі – оның қауіпсіздігі екенін, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу баршаның міндеті екенін жеткізді.

Сондай-ақ, ел шебін қорғаушылармен болған кездесуде І дәрежелі «Ұлттық ұлан» төсбелгісімен ОҚО әкімі аппаратының жұмылдыру және құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бас инспекторы Мейіркүл Батырбекова марапатталса, ІІ дәрежелі «Ұлттық ұлан» төсбелгісі ОҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Болат Төлегенге табысталды.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1503
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3277
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5733