Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2441 0 пікір 19 Қазан, 2016 сағат 13:29

Оңтүстіктің кілемі халықаралық марапатқа ие болды

Оңтүстік Қазақстан облысынан шығарылатын отандық өнім - "Бал Текстиль" кілемдері Швейцарияның Женева қаласында өткен халықаралық конвенцияда үздік сапа аталымы бойынша «Алтын Жұлдыз» (ISAQ жүлдесі) иеленді.

Сапа мен инновациядағы жетістіктерге қол жеткізген компаниялар мен ұйымдарға табысталатын ISAQ жүлдесін алу сынында кілем фабрикасы көшбасшылық пен ұйымдастырушылық қабілеті, сапа мен өнімділік, компанияның беделі мен нарықта тауар сатуға қолайлы орта қалыптастыруы, технология, инновация және өсім сатылары бойынша жеңіске жетіп, үздік деп танылған. Ал құрметті халықаралық жүлдені отандық компанияның жетекшілігіне табыстаған соңғы 30 жылдан бері әлемнің 179 елінде әр саланың көшбасшыларын анықтап, марапаттап келе жатқан «Business Initiative Directions» компаниясы болып табылады.  

«Бал Текстиль» кілем фабрикасы, әзірге, Қазақстанда теңдесі жоқ серіктестік болып табылады. Өз жұмысын 2013 жылы «Индустрияландыру картасы» бағдарламасы аясында бастаған бұл өндіріс орны тек кілем тоқумен ғана емес, «BCF», «Heat-Set», «Frize» маркалы полипропилен жіптерін иірумен де айналысуда.

Қажетті шикізат Түркия, Бангладеш, Үндістан және басқа да елдерден тікелей жеткізіледі. Кілемдер Бельгиялық жоғары технологиялық «Michel Van De Wiele» қондырғыларда тоқылады. Ал синтетикалық полипропилен жіптері Германия мен Франция елдерінен жеткізілген. «Oerlikon Neumag», «Allma Volkmann», «SUPERBA» фирмаларының заманауи құрылғыларында иіріледі.

«Бал Текстильдің» кілем және кілем өнімдерін шығару қуаттылығы – жылына 5 млн. шаршы метрден астам. Ал, полипропилен жібін иіру қуаттылығы – жылына 4000 тоннаны құрайды. Бүгінде мұнда  245 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.  

«Бал Текстиль» өнімдерін Қазақстанның барлық қалаларында кездестіруге болады. Еліміздегі ресми таратушылардың қатары 400 ден асқаны – осының дәлелі. Сонымен қатар, тұрақты түрде тапсырыс беріп, өнімдерді алатын 20-дан астам шетелдік  серіктестері бар.

2016 жылы «Бал Текстиль» шведтік ИКЕА мен ЕЭС-тің өзге де компанияларымен келісімге келудің нәтижесінде, экспорт көлемін 20-30 пайызға ұлғайтты. Енді «Қазақстанда жасалған» деген белгісі бар кілемдерді Англия, Германия және Ресейдің ірі сауда маркеттерінен кездестіруге болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1504
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3278
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5745