Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Күбіртке 5467 0 пікір 17 Қазан, 2016 сағат 17:32

АЯНОВ ПЕН БОҚАЕВ ІСІ: «КОРОЛЬ» КЕЛЕ ЖАТЫР!

Сонымен, атышулы Боқаев пен Аяновқа қатысты сот процесінде «сыра әлемінің королі» Тоқтар Төлешов  куәлік ететін болды. Түске дейін оның жеке басына қатысты мәліметтер анықталды. Енді ол, түстен кейін Астана қаласы, Есіл аудандық соты арқылы бейнебайланысқа шығып, сотта қойылған сауалдарға жауап беретін болады. Бірнеше айдан бері қамауда отырған Төлешов қорғаушы тараптың өтініші бойынша жауап бергелі жатыр.

Айтпақшы, таңғы сағат онда басталған сот  кезекті спектакльмен жалғасты. Макс Боқаевтың қорғаушысы Нұрбике Ескендірова судья Дәулешованы істен шеттету туралы өтініш беріп, процесс басталмай жатып,  үзіліс жарияланды.  Шамамен қырық минутқа созылған үзілістен соң, кеңес Дәулешованы істен шеттету туралы өтінішті негізсіз деп тапты. Себебі, «сотты айыптау сипатында өткізіп жатыр, ешбір өтінішіміз қанағаттандырылмады, сотталушыларға сөз берілмей жатыр» деп айып таққан қорғаушы  Ескендірованың айғақтары шындыққа сәйкес келген жоқ. Ескендірованың есіне сала кетейік, бүгін соттың үшінші отырысы ғана жүріп жатыр. Және барлық тараптың да сөйлеуге мүмкіндігі болады. Сол үшін де, сот процесі арнайы кезеңдерге бөлінген.

Бұған дейін де, судьяға да, прокурорларға да дауыс көтеріп, айғайлаумен болған құрметті қорғаушы Ескендірованың әрекеті – жай уақыт созу немесе ақпарат алаңы үшін тасталған кезекті қармаққа көбірек ұқсады. Қорғаушы ханымның жөнді жөнсіз айыптауға уақыт өткізгеннен гөрі, қорғауындағы Бокаевтың жағдайын көбірек ойлағаны дұрыс-ау...

Еске сала кетелік, бүгін Төлешовпен бірге, Волков, Бекбауов, Досанбаевтар да сотта куәлік ететін болады. Және қорғаушы тараптың «еш өтінішіміз қанағаттандырылмады» дегеніне жауап ретінде айтарымыз, бұған дейін адвокат Аяновтың сұрауымен қорғаушы Балғабаева істен шеттетілді. Ескендірованың өтініші бойынша сот залында аудиожазба жүргізуге рұқсат берілді. Атышулы Төлешовті куәгер ретінде шақыру туралы идея да сол қорғаушы тараптыкі.

Abai.kz   

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1507
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3281
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5802