Сенбі, 5 Сәуір 2025
Әне, көрдің бе? 4286 0 пікір 17 Қазан, 2016 сағат 17:00

ТҮРКІМЕНСТАН ПРЕЗИДЕНТІ БІР ЖЫЛДА ЖЕТІНШІ КІТАБЫН ЖАЗДЫ

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов үкімет мүшелеріне кезекті жаңа кітабын таныстырып, 21 қазанда алғашқы данасы министрлер кабинетінің отырысында беріледі деді.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, «Түркіменстан» деп аталатын кітап тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде түркімен халқының атқарған еңбегіне арналған.

Бұл президенттің бір жыл ішінде жазған жетінші кітабы. Осыған дейін қаңтар айында «Даналық діңгегі» (мақал-мәтелдер жинағы), наурыз айында «Шәй – ем мен шабыт беруші», сәуірде «Сәйгүліктің шабысы» (ақалтеке аты жөнінде), мамыр айында «ерекше әдемілік» (түркімен кілем өнері жөнінде), шілде айында «Түркіменстандағы дәрілік шөптер» кітабының сегізінші томы және қыркүйекте «Әлем музыкасы, достық және ағайындық музыкасы» (Шүкір бақсы музыкант жөнінде) деген кітаптар жазды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1505
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4226
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3126