Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3125 0 пікір 17 Қазан, 2016 сағат 11:21

Керри мен Джонсон Лондонда Сирия төңірегіндегі жанжалды талқылады

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен британдық сыртқы істер министрі Борис Джонсон Лондонда кездесіп, Ресейді Сирияда бейбітшілік орнатуға үлес қосуға шақырды.

Кездесуден соң Борис Джонсонның журналистерге мәлімдеуінше, Лондон және Вашингтон сириялық президент Башар Асад жүйесі мен оның жақтастарына қысым жасай беру керек деп есептейді. Британдық дипломаттың пікірінше, Сириядағы әскери қылмысқа жауаптылар Халықаралық қылмыстық сот алдында жауап беруі тиіс.

Еуропалық елдердің Сириядағы соғысқа қатысуға ниеті жоқ, деді британдық министр.

Джонсон сириялық президент Асад жүйесі мен оның ресейлік одақтастарының Алеппо қаласына бақылау орнататынына немесе соғыста жеңіске жететініне күмән келтірді. Ол Ресей мен Иранды жанжалдың шешімін табуға ықпал етуге шақырды. Джон Керридің айтуынша, АҚШ пен оның жақтастары Сирия жөнінде жаңа санкциялар енгізу мәселесін қарастырып жатыр, бірақ ол мұндай санкциялардың нақты кімдерге қарсы бағытталатынын атаған жоқ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2075
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4946
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4155