Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3488 0 пікір 17 Қазан, 2016 сағат 10:59

Астанада Оңтүстік ақын-жазушыларының рухани кеші өтті

Оңтүстік Қазақстан облысының Астанадағы күндері аясында «Ұлысымның ұйытқысы - Оңтүстік» облыс ақын, жазушыларының кездесуі мен кітап көрмесі өтті.  Бұл туралы "Abai.kz" порталы ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

ҚР Ұлттық Академиялық кітапханада өткен шараның мақсаты Тәуелсіз Қазақстанның мәдениеті мен әдебиетінің дамуына өз үлесін қосып келе жатқан Оңтүстік Қазақстан облысы ақын-жазушыларының Астана халқымен жүздесуі, әдеби шығармашылық жайында сұхбаттасуы, әдеби процестің даму барысын саралауы, қаламгер мен оқырман арасындағы әдеби байланысты нығайту және кітап оқытуды насихаттау болып табылады.

Рухани кеш барысында Оңтүстік өлкесінен шыққан ақын, жазушылар - Нармахан Бегалыұлы, Мархабат Байғұт, Ханбибі Есенқарақызы, Бақытжан Алдияр, Зылиха Жантасова, Мұқағали Кенжетай сынды қаламгерлер шығармашылық ізденістері мен қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналары жайында ой бөлісті.

Сонымен қатар, осы күні Астанадағы Жастар театрында Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының әртістері «Тозақ шеңбері» қойылымымен қоса, М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында облыстық орыс драма театрының актерлары «Одноклассники» шығармасын қалың көпшілікке сахналады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2081
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4950
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4164