Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2423 0 пікір 16 Қазан, 2016 сағат 18:02

«Ақ керуен – 2016» шарасы өтті

Түркістанда дәстүрлі «Ақ керуен» мақта терімі шарасы өтті. Қарашық ауылдық округіндегі «Тұран» шаруа қожалығында өткен жиынға қатысушылар алдымен мақта алқаптарын аралаудан басталды. Онда жұртшылыққа ақ алтынның «Түркістан» деп ат берілген жаңа сорты таныстырылды. Бұл туралы «Абай ақпарат» порталы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Биология ғылымдарының докторы A.Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Ә.Әлиев сорттардың ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді. Ерекшелігі бұл мақта талшығының ұзындығы кәдімгі сұрыптағы мақтаға қарағанда әлдеқайда жоғары. «Түркістан» мақтасының талшығы 4-үлгіге жатады. Мақтаның бұл түрі тоқыма өнеркәсібінде кеңінен пайдаланылады. Енді түркістандық кәсіпкерлер Оңтүстіктегі тоқыма кәсіпорындарын жергілікті шикізатпен қамтуға толық кепілдік бере алады.

Түркістандық мақташылар биыл 17 мың тонна шитті мақта жинауға ниетті. Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Т.Мұсаевтың айтуынша Түркістан бойынша өткен жылы 3500 гектар жерге мақта егілсе, биыл бұл көрсеткіш 6600 гектарға ұлғайған.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан қаласында ауылшаруашылық саласы кең етек жайып келеді. Өңірдегі шаруалар ауылшаруашылық өнімдерін отандық және халықаралық нарыққа шығаруды жоспарлап отыр.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1503
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3277
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5736