Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3437 0 пікір 15 Қазан, 2016 сағат 19:21

«Алтын күз» – молшылық мерекесі

Ай маңдай кетпені күнге жар­қыраған диқанның, ерте көк­темнен ала жаздай бір тыным тап­пай «көктемнің бір күні жыл­ға азық» дегенді өз басы­нан өт­­керген шаруаның еңбегінің раха­тын көретін кезі қоңыр күз. Төлебидің  ауылшаруашылық қызметкерлері биылғы жылды жақсы қорытындылады.

Қай уақытта болмасын, аудан еңбеккерлері күз айында егін жиып-теріп, малдың азығын жинап болған сәтте бұрыннан келе жатқан дәстүр бойынша, Төлебидің ауыл шаруашылығы еңбеккерлері «Алтын күз» мерекесін салтанатты түрде атап өтеді.

Осыған орай, «Тау жұлдызы» логистикалық - сауда орталығы ау­мағында ауылдық округтердің ұйымдастыруымен киіз үйлер тігіліп, аудан тұрғындары мен қонақтарға дастархан жайылды. Мерекеде ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.  Жәрмеңкеде ауданның ауыл шаруашылық еңбеккерлері өз өнімдерін жұртшылыққа ұсынды. Барлық тауарлар төмен бағада сатылды.

Биылғы жыл ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріміздің еңбектері жоғары бағаланып, оң нәтижелі өзгерістерге толы жыл болып отыр. Біздің аудан негізінен ауыл шаруашылық бағытын ұстанады. Жылдан жылға егістік көлемі ұлғайып, мал шаруашылығындағы жетістіктеріміз артып келеді.

Өз еңбектерімен жоғары көрсеткіштерге ие болған аудан еңбеккерлері марапатталды. Мәселен, ауыл шаурашылығында сіңірген еңбегі үшін Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының грамотасымен Әлібеков Пскенталы,  Есполов  Жайлаухан марапатталды.

Ауыл шаруашылығы саласына жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін аудан әкімінің алғыс хатымен Төребеков Полат,  Дүйсебаев Мейіржан, Қадырбеков Есімхан марапатталды.

Оңтүстік Қазақстан облысы агроөнеркәсіптік кешені еңбеккерлері кәсіподағы Кеңесінің «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» белгісімен  Жұмабаев Мақсат,  Серікбай Боранбек  марапатталады.

9 айдың қорытындысы бойынша егілген астық көлемі 20613 га жетіп, түсімі гектарына 27 центнер, дәнді дақыл 10886 га жетіп,  түсімі гектарына 10,5 центнер болды. Мал және құс еті – 9221 тоннаға, сүт -  43305 тоннаға, ал қымыз өндіру -480 тоннаға жетті. Осы жетістіктерге жетуге өз үлестерін қосқан қымыз  бағытында және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен Оразымбетова Ұлбосын  9 айда 41640 литр қымыз өндіріп,   Кортаев Тұрар -  32500 литр,  Абуов Үсен - 40000 литр және Абдраимов Оңғар  40500 литр қымыз өндіріп аудан әкімінің  марапатына ие болды.

Мереке концерттік бағдарлама мен спорттық ойындармен  жалғасты.

Жасөспірімдер арасында қазақша күрестен  80 кг дейінгі салмақта  өткізген жарыста, Ленгер қаласының тұрғыны Абдуақас Ильяс түйе палуан атағын жеңіп алды. 80 кг салмақтан жоғары  палуандар арасында өгіз көтеруден бақ сынасып, 15 рет өгіз көтерген Бекбосынов Ербұлан Қаратөбе аулының тумасы, бір қойды  қанжығасына байлап кетті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1503
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3277
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5723