ОҚО-да «Ырыс» қаржы ұйымы арқылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында 1003 жоба қаржыландырылған
Бұл туралы бүгін ОҚО аймақтық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз брифингінде мемлекеттік «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасы аясында өңіріміздегі «Ырыс» микроқаржы ұйымының директоры Хилола Назарметова мәлімдеді.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Ырыс» қаржы ұйымы осы кезге дейін құны 2,1 миллиард теңге болатын 1003 жобаны қаржыландырған. Оның негізгі бөлігі мал шаруашылығын құрайды, яғни бұл мақсатта 1,8 миллиард теңге несие беріліп, 888 жоба қаржыландырылған. Ал, егін шаруашылығы бойынша 106,5 миллион теңгеге 44 жоба іске асырылды. Өзге де қызмет түрлері бойынша 71 жобаға 150 миллион теңге қаражат құйған. «Бұл туралы ОҚО аймақтық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз брифингінде мемлекеттік «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасы аясында өңіріміздегі «Ырыс» микроқаржы ұйымының директоры Хилола Назарметова мәлімдеді», - дейді облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Оның айтуынша, биыл аталған бағдарлама бойынша облысымызға 7,0 млрд. теңгеден астам қаражат бөлініп, оның 3,8 миллиаррды «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы таратылыпты. бұл бағдарлама бойынша кәсіпкерлерге ең жоғарғы сома 3,0 млн. теңгеге дейін беріледі. Ол үшін қаражатты алуға ниет білдірген азаматтар ең алдымен «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасының талаптарына сай келу керек. Берілетін несиенің максималды сомасы 6,0 млн.теңге, жылдық сыйақысы 7 пайыз. Мерзімі 54 айға дейін беріледі.
Иә, бүгінде жеңілдетілген несие алып, шаруасын дөңгелетіп отырған шаруалар қатары көбейіп келеді. Бұл ел экономикасын көтеруге көмек болумен қатар, өзін өзі жұмыспен қамтуда таптырмайтын әдіс саналады. Бір шаруаның әрекеті бүкіл отбасына тұрақты жұмыс, әрі табыс көзі бола алады.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі