Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2752 0 пікір 13 Қазан, 2016 сағат 22:05

М. Құл-Мұхаммед: Тәуелсіздігіміздің бастауында Алаш арыстары тұр

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Қарағанды облысында болды. Сапар барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру сапасын тексерді, индустриалдық және агроөнеркәсіптік салалардың даму қарқынына бағасын берді, партия активімен кездесті, сондай-ақ, политехникалық колледж бен Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне барды.

Қарағанды облысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары халықты жұмыспен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Ол жастарға Мемлекет басшысының тапсырмасымен ЖОО және училищеге оқуға түсе алмай қалған мектеп түлектерін кәсіби даярлау мен жұмысқа орналастыру бойынша ауқымды республикалық жоба қолға алынғанын жеткізді. Партия еліміздің әр өңіріндегі жағдайды жіті зерттеп, көмекке мұқтаж 10 мыңға жуық жасты анықтады. «Нұр Отан» олардың барлығына қолдау көрсетеді. Атап айтқанда, жастарды жұмысшы мамандықтары бойынша оқытып, мемлекеттік бағдарламалар аясында тұрғызылып жатқан нысандарға жібереді.

Мұхтар Құл-Мұхаммед орталық Қазақстанға сапарының соңында Е.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетіне барды.

ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесу Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Онда Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Халқымыз «тар жол тайғақ кешу» арқылы қол жеткізген тәуелсіздігіміздің бастауында Алаш арыстары тұр. Ресейдің ең үлкен университеттерінде білім алған Алаш қайраткерлерінің түпкі мақсаты автономия арқылы тәуелсіз қазақ мемлекетін құру еді. Олар өздерінің бүкіл өмірін осы ізгі мақсатқа арнап, халқының болашағы үшін құрбан болды. Олардың есімдерін бүгінгі жастар ешқашан ұмытпауы керек. Сондықтан біз Алаш автономиясының құрылғанына 100 жыл толу мерейтойын лайықты түрде атап өтуге міндеттіміз», – деді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1502
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5708