Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3912 1 пікір 12 Қазан, 2016 сағат 10:39

Созақ қаракөлі – Араб елдеріне экспортталуда

Кеңес Одағы кезінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы Созақ ауданы мыңғырған малымен ерекшеленетін. Кейінгі жылдары малы зайып, уранымен аты шыға бастаған ауданда ата кәсіпті қайта жандандыру ісі қолға алынған. Биылғы жылы Созақ ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің  тарапынан қолға алынған ауыл шаруашылығы малдары етін экспортқа шығару жөніндегі жұмыстар оң нәтижесін беріп отыр. Үстіміздегі жылдың тамыз айы мен қазан айының бірінші онкүндігі аралығында «Қара Құр» өндірістік кооперативінде өсірілген 2688 бас еркек қаракөл тоқтылары Біріккен Араб Эмираттарына экспортқа шығару үшін сатылды.

Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі Біріккен Араб Эмираттарына экспортқа майда мал мен қой, сиыр, түйе етін шығарумен ісімен айналысатын «Дисада» ЖШС-нің директоры Сүлейманов Санаттың сөзін бізге төмендегіше баяндайды:  «Біз Созақ ауданы «Қара-Құр» өндірістік коперативінен 2 партия, барлығы 2688 бас майда мал төлдерін экспортқа шығарып отырмыз. Алдағы кезеңде араб мемлекеттеріне экспортқа аудан агроқұрылымдарынан майда мал мен қой, сиыр, түйе етін шығару ісін жүйелі түрде жалғастыратын боламыз. Біздің Біріккен Араб Эмираттарына 50 мың бас майда мал төлін сату жөнінде келісім-шартымыз бар. Экспортқа біз қазір тірідей мал төлдерін шығарып отырмыз. Келешекте Созақ ауданы Таукент кентінде орналасқан «Таукент мал сою цехын» күрделі жөндеуден өткізіп, іске қосу жоспарымызда бар. Мал сою цехын іске қоссақ, мұздатылған мал етін де экспортқа шығара аламыз».

Иә, істің көзін тапқанға табыс та күлімдеп қарайды деген осы. Жалпы, Мақсат Исаев басшылық жасайтын Созақ ауданында соңғы жылдары ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығына айрықша көңіл бөлініп келеді. Соның арқасында жергілікті кәсіпкерлер шетелдіктермен де байланыс жасауға мүмкіндік алып, етінің дәмі ерекше Созақтың мал өнімдерін экспорттауда.  

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5678