Шымкент қаласына Германиядан делегация келді
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов Германияның Экономика министрлігінің өкілі бастаған неміс бизнес делегациясымен кездесті. Екі жақты кездесу барысында қала әкімінің орынбасары Шымкент қаласының айтарлықтай экономикалық әлеуеті бар екенін атап өтіп, қонақтарға болашақтағы инвестициялық мүмкіндіктерді таныстырды. Шетелдік инвесторлар Шымкенттің Орталық Азиядағы негізгі экономикалық серіктесі болып табылатынын айрықша атап өтті.
Алқалы жиында неміс кәсіпкерлері өз компанияларының қызметі туралы айтып берді. Яғни, неміс кәсіпорындары шойын су құбырларын, жер асты суларының жай-күйін қадағалайтын және сарқынды суды тазарту жабдығына арналған сүзгілер, ұңғымаларды салу және ағынды суларды ағызу жұмыстарымен айналысады.
Кездесу соңында тараптар одан әрі жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді. Осы реткі жұмыс сапары аясында шетелдік кәсіпкерлер Шымкент су компаниясының жұмысымен танысты.
Айта кетейік, осыған дейін Оңтүстікте «Ontustik Tourism-2016» Халықаралық туристік форумы өткендігін хабарлаған ек.
Оңтүстік Қазақстан облысында өткен Халықаралық «Ontustik Tourism-2016» туристік форумына Кувейт, Македония, Испания, Пәкістан, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Чехия елдерінің Қазақстан Республикасындағы Елшілері мен Консулдары, шет елдік және қазақстандық туристік операторлар, жоғары оқу орындары мен 10 шақты шет елдік БАҚ өкілдері, оның ішінде Ұлыбританияның «US Television», Испанияның «EFE» ақпараттық агенттігі, сонымен бірге, еліміздің өзге облыстарынан келген делегациялар да қатысты.
Abai.kz