Жұма, 30 Қазан 2026
Айтқыш екен 5862 0 пікір 11 Қазан, 2016 сағат 12:16

"ӘЙ, БАЛАМ-АЙ, ӨЗІҢНЕН ДЕ БАР ЕКЕН ҒОЙ"

 

Бір ауылдың жігіттері малына шауып, тыныштық бермеген қасқырға сайланып шығып, ізіне түсіп, тықсырып қуса керек. Құтылмасын білген қасқыр ауылға қарай салып, қораға қашып кіріпті. Ауылдың халқы қаумалап соғып алайын деп тұрғанда үйден бір әже шығып: "Әй, балаларым, бұл байғұста нелерің бар, Құдай жаратқан жәндік қой, қоя беріңдер"-деп араша түскен екен. Ел шулап, "ой әже, өткенде пәленше деген балаңыздың қойын қырып кеткен, кеше түгенше қайныңыздың тайыншасын жарып кеткен осы ғой" деп шұбыртып жатса, жаңағы кәрі әжеміз қасқырға қарап тұрып: "Әй, балам-ай, өзіңнен де бар екен ғой" деп бас шайқап күйінген екен...

Бауыржан Сабырбеков

FB парақшасынан алынды

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1313
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1866