Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4166 0 пікір 11 Қазан, 2016 сағат 09:51

Мақтаралдық диқандар 600 мың тоннадан астам қауын-қарбыз жинады

Бүкіл республикаға «Ақ алтын өндіру зауыты» деген атпен танылған Мақтарал ауданының шаруалары соңғы 10 жылда қауын-қарбыз өсірумен де танымал бола бастады. Бүгінде мақтаралдық диқандар қауын-қарбыз өсіруді шебер меңгеріп, бақша дақылдарының экспортқа жарамды неше түрлі сорттарын жасап шығаруда.

Бір ғана мысал, мақтаралдық диқандар биыл 28 мың гектар жерден 610 мың тонна қауын-қарбыз алса, соның 450 мың тоннасын шет ел нарығына шығарған. Бұл гектарынан 263 центнерден өнім алып, өткен жылмен салыстырғанда 25 центнерге артық қауын-қарбыз жинаған мырзашөлдіктер бақша дақылдарын өсіруден Орта Азияның көшбасшысы екендігін дәлелдейді.

Мақтаралдың бау-бақша өнімдерінен көл-көсір пайданы ресейлік және беларусьтік кәсіпкерлер де көріп отыр. Оңтүстіктен жеткен қауын-қарбызды осы теріскейдегі көршілер Батыс Еуропа мемлекеттеріне тасымалдайды екен.

Мәселен, ресейлік бизнесмен Станислав Каспаров: «Мақтаралды «Қауын-қарбыздың Отаны» деп санаймыз. Бұл жердің қауын-қарбызының дәмі ерекше тәтті. Сол себепті, Мәскеу мен Минск қалалары осы жердің өніміне тапсырыс береді. Біз осы жерден жеткізіп тұрамыз», - дейді бір сұхбатында.
     Айта кету керек, Орта Азияда Түркіменстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдері қауын өсірумен айналысады. Дегенмен, «Еуразиялық экономикалық Одақтың» арқасында Мақтарал ауданының шаруалары өнімдерін Ресей мен Белоруссияға оңай экспорттап, кедендік мәселелердің болмауының арқасында шет елдерге жол тартуда.

Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5652