Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2453 0 пікір 10 Қазан, 2016 сағат 18:11

Түркістанда құс шаруашылығы кең қанат жайып келеді

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласына қарасты Оранғай ауылында «Яссы құс» шаруа қожалығы соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған құс шаруашылығын дамытуды қолға ала бастады.  Бұл туралы «Абай ақпарат» порталы қала әкімінің интернет ресурсына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Негізінен, тауық еті мен жұмыртқа өндіруді көздеген кәсіпкер алғашқы қадамының сәтті басталып отырғанын айтып отыр. Өйткені, өндірілген жұмыртқа мен тауық еті бүгінгі таңда жергілікті нарықта жоғары сұранысқа ие болып үлгерген.

«Яссы құс» шаруа қожалығының ашылғанына небары алты ай. Мұнда 50 мыңға жуық тауық бағылады. «Ломан лс классик» тауығы мен «бройлер» балапандарын өсіруді қолға алған кәсіпорын заманауи құрылғылармен жабдықталған.

Аталмыш шаруа қожалығының технологы Х.Минкабиловтың айтуынша 6 айға жуық уақыт бұрын тәуліктік балапандар сатып алынып, қазір олардан балғын жұмыртқа алынып отыр. Яғни, ақпан айында өз жұмысын бастаған шаруашылықтан бүгінде тәулігіне 5 мыңға жуық жұмыртқа алынуда. Алдағы 50-60 күнде мұндағы жұмыртқаға бағытталған 21 мың тауықтан осынша көлемде жұмыртқа алу межеленіп отыр.

Айта кетерлігі, тауықтардың күтімі айрықша. Жем-су ретінде күніне 4 рет отандық өнімдерден әзірленген құрамажемдер беріледі. Құстар жабық режимде ұсталады.

Ал балапан кезінен бастап бас-аяғы 40 күн ішінде 3 келіге дейін ет беретін «бройлер» тауығының өнімі алдағы уақытта өңірге өзге елден экспортталатын тауық еттерінің орнын алмастырмақ. 

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5652