Алматы метросының болашағы қандай?
Алматы метросының жаңа тармақтары болашақта қалай қарай салынатыны белгілі болды. Бұл жөнінде «Метрополитен» директоры Нұрлан Мұқанов Tengrinews.kz порталына хабарлаған.
Оның айтуынша, Алматы метросының жаңа жолдарын қаланың солтүстік жағына қарай салу жоспарда бар. Қазір метрополитенді дамытудың кешенді жоспары жасалып жатыр. Оған сәйкес, Райымбек және Фурманов көшелері қиылысқан жердегі Райымбек батыр стансасынан Алматы-1 вокзалына, одан әрі Первомай ауылына қарай метро жолын тарту көзделген.
«Алтын Орда» жанындағы жолдың қашан кеңейетіні белгілі болды
Автокөлік тіркеу оңайлады. Ол қалай?
«Перспективада осы бағыт тұр. Бізде Көлік және коммуникациялар ғылыми зерттеу институты бар. Ол қаладағы көлік қозғалысы, жолаушылар ағыны туралы болжамдар жасайды. Институт мамандары солтүстік бағытқа басымдық беріп отыр» дейді Мұқанов.
Первомай ауылына жалпы ұзындығы 12 километр метро жолы, 9 станса салынбақ.
Сонымен қатар Төле би көшесі бойымен, және Розыбакиевпен Солтүстік айналымға қарай метро салынуы мүмкін.
Қазір Алматыда екі метро стансасы салынып жатыр. Олар – «Сарыарқа» және «Достық». Жоспар бойынша бұл екі станса 2018 жылы бітуі тиіс.
Бұдан басқа батысқа қарай «Қалқаман» стансасын салудың техникалық-экономикалық негіздемесі жасалған. Олардың құрылысы шамамен 2020 жылы аяқталады.
Абай-ақпарат