Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3469 0 пікір 6 Қазан, 2016 сағат 13:50

Қазақстандық оқушылар жүргізуші куәлігін аттестатпен бірге алуы мүмкін

Қазақстандық оқушыларға әскери дайындық сабақтарында көлік жүргізуді де үйретеді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді, деп хабарлады жергілікті баспасөз.

"Көшелерде баланың жарақаттану жағдайлары азаймай отыр. Соған байланысты оқушыларды бастапқы әскери дайындықтан өткізген кезде, оларға жол ережелері мен көлік жүргізуді үйретеміз. Мектеп түлектеріне көлік жүргізу курсын өткені туралы куәлік берілетін болады. Мұғалімдерді қайта даярлықтан өткізуге біздің ақшамыз бар", - деді Сағадиев.

Министрдің айтуынша, осы мәселеге қатысты Қорғаныс министрлігімен келісім жасалған. Бұл процесс біртіндеп - 2017 жылдан бастап жүргізіле бастайды.

Мектеп оқушыларына аттестатпен қоса жүргізуші куәлігін беру тәжірибесі әлемнің көптеген елдерінде қолданылады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 989
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2534
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 695
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 664